Коронавирусқа байланысты Қорғастың жұмысы уақытша тоқтатылды

Бұл шара ШЫХО-ның қазақстандық бөлігіне қатысты

27 января 2020 года

Премьер-министр Асқар Мамин коронавирустың таралуына жол бермеу және Қазақстан аумағында алдын алу шаралары бойынша кеңес өткізіп, бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды LS.

Атап айтқанда, ол үкіметке мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде, соның ішінде әуе, автомобиль және темір жол көлігі нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық және көші-қон бақылауын күшейтуді және Қытайдан келген барлық адамдарды олардың тұратын жеріне медициналық бақылау орнатуды тапсырды.

Сонымен қатар, ол қазақстандықтардың Қытайға іс сапарларға баруды шектеу қажеттігін айтты, сондай-ақ жеке істер бойынша және туристік мақсатта жол жүруден бас тартуды ұсынды.  

Бұдан басқа, ҚХР-дан келген транзиттік жолаушылар үшін Қазақстан аумағында 72 сағаттық визасыз болу режимін тоқтата тұру және "Қорғас" ШЫХО-ның қазақстандық бөлігінің жұмысын уақытша тоқтата тұру тапсырылды. 

Үкіметке ҚХР аумағындағы қазақстандық азаматтармен оларға консулдық және өзге де көмек көрсету үшін жұмыстар легін жандандыру тапсырылды. 

Ал мемлекеттік органдар- коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру мақсатында Қытай мен басқа да мүдделі елдердің тиісті мемлекеттік құрылымдарымен қажетті өзара іс-қимылды ұйымдастыруды. Қажет болған жағдайда Ухань қаласында орналасқан қазақстандық студенттер мен Қазақстанның басқа да азаматтарын шұғыл эвакуациялауды қамтамасыз ету тапсырылды. 

Сондай-ақ, премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен ведомствоаралық комиссия құру туралы шешім қабылданды. Онда коронавирустың Қазақстанда таралуына жол бермеу жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.