Клиенттеріміздің деректері жіті қорғалған – Jusan Garant

3 февраля 2023 года

Алматыда Digital Forum 2023 өтуде, ал еліміздегі цифрландыруды үдерісін дамытуды қолға алған Jusan шара демеушілерінің бірі. Бүгінде Jusan өз экожүйесін жетілдірді, соның арқасында клиенттер түрлі банк қызметтерінен бөлек, мемлекеттік қызметтерді, онымен қосап инвестиция жасап, сақтандыру рәсімдей алады.

Форумның панельдік сессиясында сақтандыру мүмкіндіктері туралы Jusan Garant басқарма төрағасы Абай Егембердиев айтып берді. Ол сақтандыру қызметтерімен пайдаланушылардың дербес деректерін сақтау өте маңызды бағыт екенін алға тартты. Осыған байланысты Jusan Garant ақпараттың тарап кетпеуі үшін бірқатар үлкен жұмыстарды атқаруда.

"Барлық сақтандыру компаниялары заңды немесе жеке тұлғаның деректерін сұратады. Біз де солардың қатарындамыз. Бұл ақпарат қаскөйлердің қолына түспеуі үшін біз антивирустардан бастап DLP-жүйесіне, CM-жүйесіне және басқа да жүйелерге жіті мән береміз. Сол себепті тек ең сенімді бағдарламалық жасақтаманы қолданамыз", - деп түсіндірді компания басшысы Almaty Digital Forum кулуарларында.

Егембердиевтің айтуынша, бұл өнімдерге үлкен инвестиция қажет. Бұл ретте бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізетін вендорлар қатар жүретіндіктен қорғаныс жүйелері үнемі жаңартылып тұрады және өзектілігін жоғалтпайды. Бұдан басқа, компания әрқашан ықтимал шабуылдардың алдын алу мақсатында өз базасын тексереді және бағдарламалық шешімдерді күшейтеді. Спикер қазіргі уақытта Jusan Garant-та жеке деректердің тарап кетуіне байланысты ешқандай оқиға болмағанын жеткізді.

Jusan Garant өкілі атап өткендей, сақтандыру өнімдерінің басым бөлігін міндетті үлестер алады. Сонымен қатар, банктен несиеге алынған мүлікті ерікті сақтандыру қызметі өте танымал. Компания басшысының айтуынша, саналы түрде сақтандыру рәсімдеушілердің қатары әлі де аз, алайда қарқынды өсуде.

"Сақтандыруды алуды жеңілдету үшін біз өз өнімдерімізді онлайн-форматқа ауыстырдық. Оларды Jusan қосымшасы арқылы елдің кез келген жерінде банкке бармай-ақ алуға болады. Ал биыл тұрғын үй мен автокөлікті сақтандыру бойынша бірнеше жаңа өнімдерді шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл әлеуетті клиенттердің көңілінен шығатын екі-үш жаңа ұсыныс болмақ", - деп қорытындылады Егембердиев.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.