Jusan Bank басшысы: Банк жұмысының басты қозғаушы күші – клиенттер

14 апреля 2023 года

 Jusan Bank – қаржы қызметтерін ұсынатын институт ғана емес, жекелендірілген қызметі бар цифрлық экожүйе. Дәл осы экожүйенің функционалын банк өкілдері Jusan Retail Fest-тетаныстырды.

 Іс-шараны ашқан Jusan Bank басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов өнімдерді банк командасы клиенттерге деген сүйіспеншілікпен жасайтынын атап өтті. Ол ақын Абай Құнанбаевтың ұлына арнаған "Көзімнің қарасы" әнімен параллель жүргізді.

 "Мен әрдайым халқымыздың бұл әні сүйікті жанға арналған деп ойлап келдім. Бірақ бұл әкенің ұлына деген сүйіспеншіліктен туған ән екен. Бүгінде осы бір ән музыкалық шедеврге айналды. Сүйіспеншілікпен жасалған барлық нәрсе жүректен орын табатынына сенімдімін. Бізде Jusan-дағы өнімдерімізді клиенттерімізге деген сүйіспеншілікпен жасауға тырысамыз. Сондықтан бүгінгі іс-шарада жасалған инновациялар мен сервистерді көрсеткіміз келеді", - деп түсіндірді Айдосов.

 Басқарма төрағасының орынбасары Ғабит Нұркенов банк өз клиенттерімен өзара байланыс орнату үшін Jusan Retail Fest ұйымдастырғанын айтты. Оған директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсуды қоса алғанда, Jusan-ның барлық топ-менджементі қатысты.

 "Фестивальдің бірінші күні банк басшылығы бөлімшеде жұмыс істеп, клиенттерімізге қызмет көрсетті. Олар тілектер мен ұсыныстарды тұтынушылардың өздерінен естіп, фронт кеңселердің жұмысын қалай жақсарту қажет екенін түсінді", - деп атап өтті Ғабит Нұркенов.

 Осыдан кейін банк өкілдері Jusan Bank экожүйесін таныстырды. Мысалы, Jusan Дүкен тауарлар мен қызметтердің маркетплейсі, қысқа мерзімге қарамастан, 3 мыңнан астам белсенді сатушыларды тартты. Бүгінде тауарлар санаттарының саны 3,5 мыңнан асады, оның ішінде 1 млн-нан астам өнім бар.

 "35 мыңнан астам клиент Jusan Дүкенге күн сайын мобильді қосымша және сайт арқылы кiредi. Тапсырыстардың 93%-ы курьерлік қызмет арқылы мерзімінде жеткізіледі. Осының арқасында әрбір екінші сатып алушы бізге қайта оралады", - деді маркетплейс жөніндегі басқарушы директор Таир Нұрлыбек.

 Оның пайымдауынша, басты артықшылық – жеке команда айналысатын сауда маркетингінде. Қызметкерлер апта сайын дүкендердің ең жақсы акцияларын, маусымдық тауарларға жеңілдіктерді таңдап, сатушылармен әртүрлі белсенділіктер туралы келіседі.

 Сондай-ақ, банк кәсіпкерлер үшін тіркеу процесін барынша жеңілдетті. Мысалы, олар тапсырыстарды Telegram бот арқылы басқара алады. Ыңғайлы Jusan экожүйесін құру сатушылар санын күн сайын 30%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

 Ал карталар мен бонустар бойынша цифрлық шешімдер жасау жөніндегі команданың басқарушысы Нығмет Әбдірахманов Jusan Bank стандартты банк ретінде ғана емес, инновациялық банк ретінде де өсіп келе жатқанын тiлге тиек етті. Ол қазақстандықтарға экожүйенің барлық сервистеріне бір жерде қолжетімділік берілген мобильді қосымшаны мақтанышпен таныстырды. Бұл ретте Jusan Pay картасының танымалдылығының артқанын атап өтті.

"Өткен жылы осындай 2,5 млн карта шығарылды. Егер олардың барлығын үйіп тастаса, Алматы қаласының алты телемұнарасы шығады", - деп мысал келтірді ол.

 Әбдірахманов клиенттер үшін банктің экожүйесінде төлем жасау кезінде 25%-ға дейін бонустар қарастырылғанын еске салды. Өткен жылы клиенттер 3 млрд бонусқа кенелдi.

Клиенттерге бонустар жинауды қызықты ету үшін Jusan Bank Банктің мобильді қосымшасында ойын ұйымдастырылды. Оған барлығы 1,5 млн-нан астам адам қатысты, ал ойында орындалған тапсырмалар саны күніне 10 мыңнан асты. Ойын есебінен қазақстандықтар 60 млн бонус, ал бір тұрғынға Tesla автокөлігі бұйырды.

 "Біз өз клиенттерімізді жақсы түсіне бастадық. Және мұнымен тоқтап қалмаймыз. Jusan future құрып жатырмыз – бұл болашаққа деген бағдар ", - деді ол.

 Jusan Bank-те онлайн несие платформасын дамытуға жауапты Ганна Дронова несие беру туралы сөз қозғады.

 "Кейбіреулер несиелерді жаман деп санайды, бірақ мен бұл пікірді өзгерткім келеді. Менiң ойымша, бүгінгі күнмен өмір сүру керек. Басқаша айтқанда, барлық мүмкіндіктерді қазір пайдалану керек.  Алайда бұл үшін қаражат қажет", - дейді Дронова.

 Сөзінше, әзірлеушілер тобы бір минут ішінде мақұлдануы мүмкін Jusan Bank онлайн-несиелеу қызметін құру үшін көп жұмыс істеуде. Қарыздың ең жоғары сомасы 8 млн теңгеге дейін, ал мерзімі – бес жылға дейін жетеді.

 "Біз максималды соманы 6-дан 8 млн теңгеге дейін ұлғайтқан кезде, сатылымдар бір айда 2,5 есе өсті. Осы кезеңде біз тоқсандық көрсеткішті орындадық, бұл өнімнің табыстылығын көрсетеді", - деп толықтырды Дронова.

Бүгінгі таңда 3 млн-нан астам қазақстандық Jusan Bank клиенті болып табылады. Банк өнімдері мен маркетплейстен басқа, оның экожүйесі сақтандыру, инвестициялау, ұялы байланыс, білім беру, ойын-сауық және саяхат қызметтерін ұсынады.

 Банк клиенттерге арналған күндер мен өнімдердің тұсаукесерлерін тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.