Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады

10 августа 2023 года

2023 жылдың 10 тамызында First Heartland Jusan Bank (Jusan Bank) акционерлердің кезектен тыс жиналысы өткізді. Онда директорлар кеңесінің жаңа мүшелері сайланып, банк басшылығы бекітілді.

Ғалымжан Есенов директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ директорлар кеңесіне Жарқынбек Азбеков пен лауазымын сақтап қалған Санжар Жамалов тәуелсіз директор ретінде енді.

Jusan Bank басқармасының құрамына Ирина Мерзлякова (басқарма төрағасының М.А.), Асқар Хамидуллин және Ғалия Маханова кіреді. Басқарманың қалған мүшелері уәкілетті органның қажетті келісімін алғаннан кейін тағайындалады.

Сонымен қатар Jusan Bank және акционерлер Ғалымжан Есенов пен Jusan Technologies Ltd (JTL) арасындағы бітімгершілік келісімін мақұлдады. Келісімге сәйкес, JTL активтері Қазақстан республикасының юрисдикциясына қайтарылды. Келісім аясында Қазақстан, Jusan Technologies Ltd және Есеновке қатысты Қазақстан, АҚШ пен Ұлыбританиядағы барлық сот процестері тоқтатылады.

Jusan Bank туралы:

Jusan Bank – активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы топ алты банк қатарына кіретін Қазақстанның жетекші қаржы институттарының бірі. Банктің өтімді активтері 1,2 трлн теңгеден асады. 2022 жылы банктің аудиттелген таза пайдасы 89 млрд теңгеге жетті.

Jusan Bank – қаржылық жағдайы, өтімділік коэффициенттері мен меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша көш басындағы ҚР ЕДБ бірі. Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі Jusan Bank-тің ұзақ мерзімді рейтингін B1 деңгейінде растап, оған қатысты болжамын "Тұрақты"-дан "Оң" деңгейіне көтерді.  

Jusan Bank-тің Қазақстанның 43 қаласында 118 филиалы, 3 млн астам клиенті және 6 мың қызметкері бар.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.