Елде пайдалы қазбалар барлануда

18 ноября 2024 года

Жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстанда минералдар іздеуге миллиардтаған теңге жұмсайды. Бұл туралы LS-ке өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, биылғы жылы қатты пайдалы қазбаларды барлауға 545 лицензия берілген. Оның ішінде екеуі - өткізілген аукциондар арқылы. Олар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекске сәйкес қатарынан алты жылға беріледі. Министрлік өз кезегінде процесті бақылауға алған.

Министрлік қазіргі уақытта геологиялық барлаумен Rio Tinto, Fortescue, Cove Capital, Eczacibasi Holding, "Қазақмыс" корпорациясы, ERG Exploration және т. б. сияқты ірі компаниялар айналысатынын атап өтті.

"2018 жылдан 2024 жылға дейін жер қойнауын пайдаланушы компанияларға жер қойнауын зерттеуге 301 лицензия берілді. Ұйымдардың жоспарында көрсетілген жұмыстардың жобалық құнын талдауға сәйкес, жерді зерттеуге жұмсалған шығындардың жалпы құны 136 млрд теңгеден асты. Ағымдағы жылы берілген лицензиялар бойынша инвестициялар көлемі келесі жылы айқындалатын болады", – деп хабарлады министрлікте.

Компаниялар қаржы құюдан басқа, бюджетке 248 млн теңгеден астам қол қою бонусын төлегенін қосты.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанда мұнайдың жаңа қорлары ізделіп жатқанын хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.