Банктер шоттар жайлы мәліметті салықшыларға тапсырады

сегодня

Банктерді клиенттердің есепшоттары туралы мәліметті мемлекеттік кірістер органдарына беруге міндеттеу көзделіп отыр, деп хабарлайды LS.

Қаржы министрлігі дайындаған бұйрық жобасында бұл талап жаңа Салық кодексінің аясында жүзеге асатыны көрсетілген. Жаңа нормаға сәйкес, мемлекеттік орган жеке және заңды тұлғалардың есепшоттарының бар-жоғы мен нөмірлері, сондай-ақ олардың шоттарындағы қалдық пен қаржы қозғалысы туралы ақпаратты қамтитын арнайы нысанды бекітуді жоспарлап отыр.

"Мақсаты – әкімшілендіруді жетілдіру және салықтық тәуекелдерді дер кезінде айқындау", - делінген құжатта.

Бұл бастама салықтан жалтарған жеке және заңды тұлғаларды анықтауға жол ашады деп күтілуде. Ведомствоның пікірінше, жаңа талаптар көлеңкелі экономиканың үлесін қысқартып, мемлекеттік бюджет түсімін көбейтуге ықпал етпек.

Жоба 29 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Айта кетейік, бұған дейін LS редакциясы хабарлағандай, салық органдары банктерге клиенттердің шотында 20 мың АЕК (78,6 млн теңге) бар-жоғы жөнінде ақпарат беруді міндеттеуді ұсынған еді. Бұл шараны олар жалпыға бірдей декларациялаумен байланыстырған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.