Банкомат операцияларында жіберушінің ЖСН енгізу міндеттеледі

сегодня

Қазақстанда карталарды толықтыру және банкоматтардың жұмыс істеу тәртібі өзгереді, деп хабарлайды LS.

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижановтың айтуынша, соңғы уақытта банкоматтар арқылы заңсыз ақша айналымы мен алаяқтық әрекеттердің саны күрт көбейген.

"Басты мәселе – операциялардың анонимді түрде жүргізілуінде. Көп жағдайда олар бөтен адамның атына рәсімделген карталар арқылы жасалады. Мұндай тәуекелдердің алдын алу үшін агенттік пен қаржы реттеушісі бірлесіп бірқатар шара қабылдады. Енді 500 мың теңгеден асатын сомаға картаны толықтырғанда жіберушінің де ЖСН-ін енгізу міндетті болады. Бұрын тек алушының ЖСН-і талап етілетін", - деді ол.

Сонымен бірге, алдағы уақытта операцияларды мобильді қосымша немесе SMS арқылы растау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

"Жаңа жылдан бастап банктер банкоматтардағы бейнебақылау жазбаларын кемінде 180 күн сақтауы тиіс. Бұл күмәнді операцияларға қатысушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бет-әлпетті немесе саусақ ізін тану арқылы биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу мәселесі қарастырылуда. Мұның бәрі анонимді ақша аударымдарының жолын кесуге бағытталған",- деп атап өтті Қ. Бижанов.

Айта кетейік, енді қазақстандықтар алаяқтарға жіберіп қойған ақшасын үш күн ішінде қайтарып ала алады.

Бұған дейін LS редакциясы хабарланғандай, Ұлттық банк алаяқтық белгілері бар транзакциялар бойынша бұғатталған қаражатты қайтару рәсімін жеңілдететін заң жобасын әзірлеген.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.