Табысы ең төмен қазақстандықтардың 10%-ның ай сайынғы табысы 32,5 мың теңгеден аспайды, ал неғұрлым қамтамасыз етілгендердiң 1,6 млн теңгеге дейін. LS редакциясы ақшаның ең бай және кедей азаматтар арасында қалай бөлінгенін көрсетуге тырысты.
Ең аз қамтамасыз етілген қазақстандықтардың 10%-ы бірге 52,5 млрд теңге мөлшерінде табыс алады. Ал егер ең байлардың қаражатын жинақтайтын болсақ, оның көлемі 300 млрд теңгеге жетіп тұр. Бұған Ұлттық статистика бюросының мәліметтері дәлел.
Бұл санаттағы адамдардың диеталары да ерекшеленеді. Мәселен, кедей топтан шыққан қазақстандық орташа есеппен ет пен ет өнімдерінен 3,5 есе аз, сондай-ақ, жұмыртқа, көкөністер мен картоптан үш есе аз жейді.
Инфографикада бай және кедей қазақстандықтардың табысы мен тамақтануы туралы толық ақпарат берілген.