Қазақстанның сұлулық салондары нарығының жалпы көлемі 484 млрд теңгені

16 мая 2023 года

Сұлулық салондарының нарығы тек әлемде ғана емес, Казахстанда да қарқынды түрде дамып келеді. Jusan Analytics зерттеу орталығының ақпараты бойынша отандық бұл нарықта бәсекелестік жоғары.

"Бүгінде Қазақстанның сұлулық салондары нарығының жалпы көлемі 484 млрд теңгені құрайды (шамамен $1 млрд) немесе халықтың жан басына шаққанда $14 еледі. Елімізде барлығы 9 мың жуық  салондар мен моносалондар бар. Клиенттердің жалпы саны – 12 млн адам. Бір адам салонға жылына орта есеппен жеті рет барады. Әр барғанда эконом-класс бойынша 3,8 мың теңге жұмсайды", – дейді Jusan Analytics зерттеу орталығының талдаушысы Нарқыз Мәкенова.

Ақпарат бойынша ел экономикасы дамыған сайын адамдар бьюти қызметтерге ақшаны көптеп жұмсайды. Бүгінде елімізде халықтың жан басына шаққанда бьюти-қызметтерге жұмсалатын шығындар Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 0,1%-ына (немесе 6,3 мың теңге) тең. 

Еліміздің ең күрделі қалалары Алматы мен Астанадағы сұлулық салондарын нарықтың 40%-ын алып жатыр. 

Мысалы, Алматыдағы сұлулық салондары нарығының көлемі – 142 млрд теңге. Клиенттер саны – 1,3 млн адам. Бір адам жылына салонға орта есеппен жеті рет барады. Эконом-класс бойынша орташа баға – 4,4 мың теңге. Жыл сайын салондарының шамамен 21%-ы жабылады және сондай деңгейде қайта ашылады. Астанадағы нарықтың көлемі – 55 млрд теңге. Клиенттер саны – 800 мың адам. Бір адам жылына жеті рет барады. Эконом-кластық баға – 3,4 мың теңге. Жыл сайын салондардың шамамен 16%-ы әртүрлі себеппен қызметін тоқтатады. Бірақ олардың орнын осындай деңгейде басқа салондар басады. Жалпы елімізде сұлулық салондарының 40%-ы жаңадан ашылған немесе ашылғандарына көп болмаған.

Қазақстанда бір сұлулық салоны айына орта есеппен 1 мың адамға дейін қызмет көрсетеді. Бұл ретте сұлулық салондары мен шаштараздар ең аз шоғырланған қалалар: Түркістан, Атырау, Шымкент, Қызылорда, Семей және Ақтөбе. Бұл қалаларда 1 сұлулық салонына 1 мың астам адамнан келеді. Қалған қалаларда салондар көп: бір салонға келетін адамдар саны 1 мыңға жетпейді.  

Айта кетелік, Fortune Business Insights деректері бойынша 2021 жылы аталмыш нарықтың жалпы көлемі $201,9 млрд құрады. Болжам бойынша 2029 жылға қарай $355,4 млрд жетеді. 2022-2029 жылдар аралығында орташа жылдық өсу қарқыны 7,4% болмақ.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.