Қазақстанның қай өңірі электр қуатын ең көп жоғалтады

Электр желілерін тез арада жаңарту мүмкiн емес

2 декабря 2021 года
    

Қазақстан бойынша Ақмола облысында электр қуатын ең көп жоғалтады. Бұл туралы LS-ке энергетика министрлігінде хабарлады.

Министрлiк ақпараты бойынша, 2021 жылы елдегі өңірлік электр желілік компаниялардың орташа тозуы 66% болды. Бұл ретте 2020 жылғы өзектілендірілген деректер бойынша бұл көрсеткіш шамамен 66,7%-ды құрады.

Сонымен қатар, өткен жылы электр беру желілеріндегі шығындар 14,23%-ды, ал биылғы жылы –14,79%-ды құрап отыр.

Энергетика министрлігі ең көп шығындар Ақмола облысында екенiн айтты – 17,52%, Жамбыл облысында – 15,93%, Түркістан облысында – 16,2%, Алматы және Қызылорда облыстарында – 14,7%.

Министрлiкте аталған көрсеткіштерді төмендету үшін электр желілерін қайта құру қажет екенін де жеткіздi. Осы мақсаттарға 2021-2025 жылдары 4,8 млрд теңге тарту жоспарлануда.

Бұл ретте желілерді жаңғырту жөніндегі жұмыстар жыл сайын және жоспарлы түрде бекітілген инвестициялық бағдарламалар шеңберінде жүргізіледі, ал электр желілерін жаңарту көлемі бекітілген тарифтің шамасына тікелей байланысты. Ал энергия беруші ұйымдардың басым бөлігі жеке меншікте болғандықтан, олар үшін тозу мәселесі бес жылға арналған инвестициялық бағдарламалар шеңберінде ғана қаралуы мүмкін.

"Энергия беруші ұйымдардың қаражатының шектеулі болуына байланысты қысқа мерзімде электр желілерін жаңғыртуды жүргізу мүмкін емес", - деп атап өтті энергетика министрлігінде.

Министрлiкте сондай-ақ, 2025 жылға қарай тозу деңгейін 13,84%-ға дейін төмендету жоспарланғанын қосты.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.