Қазақстаннан Қытай мен Өзбекстанға жаңа жол салынбақ

Осының есебінен туризм мен транзит артады

21 октября 2021 года
    

Қазақстан жүздеген миллиард теңгеге халықаралық теміржол желілерін салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы LS-ке индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде хабарлады.

LS-ке елдің транзиттік әлеуетіне түсінік бере отырып, ведомство 2022-2025 жылдары Достық – Мойынты учаскесінде (833 км) екінші жолдар салынып, электрлендірілетінін атап өтті. Жобаның жалпы құны 938,1 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Бұл Қытай – Еуропа – Қытай көлік дәлізін кеңейту үшін жасалады. ИИДМ болжамдары бойынша бұл жоба дәліздің өткізу қабілетін бес есеге арттырады, сондай-ақ Қытайдан Еуропаға және кері қарай тасымалдау жылдамдығы тәулігіне 800 км-ден тәулігіне 1,4-1,5 мың км-ге дейін артады.

Сондай-ақ, 2023-2025 жылдары 161,8 млрд теңгеге Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа Дарбаза – Мақтаарал (106 км) теміржол желісі салынады, ол Сарыағаш өткізу пунктінің жұмысын жеңілдетеді. Жаңа желінің арқасында өткізу қабілеті екі есе нығаяды. Өзбекстанмен пойыздарды қабылдау және тапсыру тәулігіне 26 реттен тәулігіне 50 ретке дейін артады. Жүктерді тасымалдау мерзімі 1,5 есе қысқарады.

Бұдан басқа, 2022-2025 жылдары Қазақстан 160 млрд теңгеге Түркістан – Шымкент – Ташкент жоғары жылдамдықты темір жол магистралін (260 км) салуға ниетті. Жол жүру уақыты 2 сағатты құрайды, ал туристердің ішкі ағыны 4,5 млн адамға дейін артады.

Бұдан басқа, 2022-2023 жылдары Алматы станциясын айналып өтетін айналма темір жол желісін салу үшін 93,6 млрд теңге қарастырылған. Жоба жеке инвесторлардың қатысуын көздейді.

Осының есебінен Қытайдан Алматы арқылы өтетін жүктерді тасымалдау мерзімдері екі күнге немесе мегаполис станциясындағы жүк операциялары санының 40%-ына қысқартылмақ.

Жалпы Қазақстанда 2025 жылға қарай көліктің барлық түрлерімен транзиттік жүктерді тасымалдау көлемін 1,5 еседен астамға, 30 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Оның ішінде контейнерлік тасымалдар-жылдамдық пен сервисті арттыру есебінен екі есе. 2019 жылы бұл көрсеткіш 19,5 млн тоннаны құрады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.