Қазақстандықтардың зейнетақы ақшасы қайда кетті

Ведомствоның басқарудағы активтері 12,8 трлн теңгеден асты

31 августа 2021 года

БЖЗҚ-да шілде айында қазақстандықтардың зейнетақы ақшалары қандай қағаздарға салынғанын айтты, деп хабарлайды LS.

Зейнетақы қорының ақпаратына сәйкес, 2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жыл басынан бері есептелген инвестициялық табыстың жалпы мөлшері 821,5 млрд теңгеден асты.

Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 12,8 трлн теңгені құрады.

Негізінен активтер инвестицияланды:

  • ағымдағы құны шамамен 5 трлн теңгені құрайтын Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына (бүкіл портфельдің 38,7%-ы). Теңгемен өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 9,1%-ды, доллармен-жылдық 4,2%-ды құрады;
  • квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына (ағымдағы құны – 1,7 трлн теңге (13,6%). Теңгемен орташа алынған кірістілік-жылдық 10,8%, доллармен – жылдық 5,5%;
  • шет мемлекеттердің бағалы қағаздарына 1,2 трлн теңгеге. Олардың портфельдегі үлесі 9,32%-ды құрады. Орташа алынған табыстылық – жылдық 0,2%;
  • Қазақстан банктерінің облигацияларына 1,07 трлн теңгеге (8,34%). Орташа алынған табыстылық – жылдық 10%;
  • сыртқы басқарудағы активтерге 1,2 трлн теңге мөлшерінде (портфельдің 9,67%-ы). 2021 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда өсім 51,78%-ды құрады.

Сонымен қатар, ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 68,2%-ына, долларда – 31,74%-ға, рубльде және басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,06%-ына жетеді.

Бұдан басқа, қазақстандық басқарушы компанияларға берілген қаражаттың жалпы көлемі шамамен 4,7 млрд теңгені құрады. Осы сомадан активтер:

- Jusan Invest 2,1 млрд теңгеге жетті. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2021 жылғы 15 наурыздан 1 тамызға дейін есептелген кіріс мөлшері 38,2 млн теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің табыстылығы – 4,13%;

- Halyk Global Markets-те 1,3 млрд теңгеден асты. Есептелген инвестициялық табыс көлемі 28,5 млн теңгені құрады. Табыстылық – 2,96%;

- BCC Invest-те 859 млн теңгеге жетті. Есептелген инвестициялық табыс мөлшері – 16,5 млн теңге. Табыстылық – 2,77%;

- "Сентрас Секьюритиз" 477,3 млн теңгені құрады. Есептелген инвестициялық табыс мөлшері – 16,72 млн теңге. Табыстылық – 3,99%.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.