Қазақстандықтардың табысы көбейді – ұлттық статистика бюросы

Нақты ақшалай кірістер де өсуде

14 апреля 2021 года

Қазақстанда жалақы мөлшері өсуде, деп хабарлайды LS.

2021 жылғы наурыз қорытындысы бойынша6 бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 224 715 теңгені құрады. Мұндай деректерді ұлттық статистика бюросы жариялады.

Соңғы алты айда деңгей өсуде. Мәселен, қазан айында ол 209 818 теңгеге, қарашада – 211 033 теңгеге, желтоқсанда – 220 848 теңгеге, 2021 жылғы қаңтарда – 222 261 теңгеге, ақпанда – 223 213 теңгеге жетті.

Сонымен қатар, ұлттық бюро халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысын есептейді. Олар 2021 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша алдын ала 122 392 теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 11%-ға көп. Көрсетілген кезеңде нақты ақшалай табыс 3,4%- ға артты, деп хабарлады мемлекеттік мекеде.

Бюрода 2020 жылдың IV тоқсанында жұмыссыздар саны 453 мың адамды немесе жұмыс күшінің 4,9%-ын құрағанын еске салды.

"Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2021 жылғы наурыздың соңында 197,8 мың адамды немесе жұмыс күшіне 2,2%-ды құрады", - деп бюро деректерді келтірді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.