Қазақстандықтардың табысы 200 мың теңгеден аспайды

10 апреля 2023 года

Барлық қазақстандықтардың табысы 200 мың теңгеден аспайды, деп хабарлайды LS.

Ұлттық статистика бюросында LS-ке 12 мың үй шаруашылығына өмір сүру деңгейі бойынша жүргізілген іріктемелі зерттеу нәтижелері ұсынылды.

Зерттеу қорытындысы бойынша 2022 жылдың IV тоқсанындағы халықтың 96,6%-ы жан басына шаққандағы орташа табысы 200 мың теңгеге дейінгі диапазонда болды. Еліміздегі жан басына шаққандағы орташа табыс 172,2 мың теңгені құрады.

Ұлттық статистика бюросы бұл көрсеткіш жалақыдан өзгеше екенін атап өтті, өйткені ол отбасының барлық мүшелеріне бөлінеді.

Мысалы, үй шаруашылығы алты адамнан тұрады. Күйеуі айына 210 мың теңге табады, әйелі 30 мың теңге жәрдемақымен бала күтіміне байланыста демалыста. Ер адамның анасы 67,5 мың теңге зейнетақы алады, отбасында кәмелетке толмаған үш бала бар. Нәтижесінде осы үй шаруашылығында жан басына шаққандағы табыс айына 51,25 мың теңгені құрайды, бұл осы кезеңдегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен – 46,6 мың теңгеден сәл жоғары.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін LS редакциясы 986,6 мыңға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен екенін жазған болатын. Бұл кедейлік шегінде тұратын ел халқының 5%-н құрайды.

Сондай-ақ, қазақстандықтардың азық-түлікке қанша ақша жұмсайтыны турасында инфографика ұсынамыз.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.