Қазақстандықтардың шетелде қанша жылжымайтын мүлігі бар

2020 жылы шетелдік жылжымайтын мүлікті тіркеу саны азайды

27 мая 2021 года
    

2020 жылы шетелдегі 5 мыңға жуық жылжымайтын мүлік нысанын қазақстандықтар декларациялады. Бұл туралы LS-ке мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Мемлекеттік мекеменің ақпаратына сәйкес, өткен жылы қазақстандықтар 4,9 мың жылжымайтын мүлік объектісін есепке қойған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 12,5%-ға аз (2019 жылы 5,6 мың).

Қазақстандықтар Ресейде 3,5 мың жылжымайтын мүлік нысанын сатып алған. Сондай-ақ, 272 нысан Болгарияға, 216 – Түркияға, 187 – Испанияға, 69 – Біріккен Араб Әмірліктеріне тиесілі.

2019 жылы қазақстандықтрдың қалауы өзгеріссіз болды: Ресейде 4 мың нысан, Болгарияда – 307, Түркияда – 189, Испанияда – 182, Біріккен Араб Әмірліктерінде – 91.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.