Қазақстандықтар жүздеген миллиард теңге несиені қайтармай отыр

Мерзімі өткен берешек құны 1 трлн теңгеден асады

10 мая 2021 года

Қазақстанда несиелерді төлеу мерзімін өткізіп алғандар қатары бір жыл ішінде біршама аз қысқарды, деп хабарлайды LS.

Ұлттық банктің сайтында хабарланғандай, 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша несиелер мерзімін өткізіп алу (бір жылдан астам) 1,01 трлн теңгені құрады. Ал 2020 жылғы көрсеткіш – 1,07 трлн теңге (-5,6%). Оның ішінде жеке тұлғаларға (ЖК қоса алғанда) 315,6 млрд теңге (-15,5%), заңды тұлғаларға – 702,3 млрд теңге (+0,1%) тиесілі.

Несиелердің басым бөлігі ұлттық валютада рәсімделген.

Өңірлер бойынша 1 трлн теңгеден астам қарыздың ең көп көлемі бұрынғысынша Алматыда – 453 млрд теңгеге жуық (-17,4%) және Нұр-Сұлтанда – 238,6 млрд теңге (+36,8%) тіркелді. Одан әрі ШҚО – 86,2 млрд теңге, Атырау облысы – 34,8 млрд теңге, Қарағанды облысы – 32 млрд теңгеге жуық және Шымкент – 30,3 млрд теңге.

Сонымен қатар, несиелер бойынша Жамбыл облысында – 11,8 млрд теңге, Қызылорда облысында – 10 млрд теңгеден астам, СҚО-да – 4,3 млрд теңге және Түркістан облысында – 2,5 млрд теңге қарыз болған.

Бұған дейін LS, қазақстандықтардың тұтынушылық несиелерінің өсуі жалғасып жатқаны туралы жазған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
На чем зарабатывают казахстанские банки и почему они прибыльнее развитых стран
вчера
Жители Казахстана тратят на еду большую часть зарплаты, чем в Беларуси, России и Китае. Инфографика
вчера
Минздрав пересмотрит лицензирование стоматологов после скандала с пенсионными деньгами
вчера
Қазақстан ЕО санкциялар жөнінде ескерту алмады
вчера
Дьявол кроется в деталях: названы главные страхи инвесторов горнорудной отрасли
вчера
Бюрократия дороже урожая: Казахстан теряет овощные рынки соседей
вчера
Казахстан не получал уведомлений от ЕС о введении вторичных санкций
вчера
Нацбанк выполняет свою роль, но инфляция остается высокой из-за действий правительства – мнение
вчера
НПЗ Казахстана обяжут производить больше востребованных ГСМ
вчера
Банктер шоттар жайлы мәліметті салықшыларға тапсырады
16 сентября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.