Қазақстандықтар жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді жаңаша түрде алмақ

Тауарларды алу және сатып алу бойынша шектеулер болмайды

3 августа 2021 года
    

Әлеуметтік әмиян Қазақстанда пилоттық режимде осы жылдың соңында іске қосылады. Бұл туралы LS-ке сауда және интеграция министрлігінде хабарлады.

Министрлікте цифрлық әлеуметтік әмиянның пилоттық нұсқасы 2021 жылдың желтоқсан айында енгізілетінін жеткізді. 2022 жылдан бастап жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді электрондық ақша түрінде кезең-кезеңімен аудару жоспарлануда.

Сондай-ақ, сауда министрлігі жоба аясында Ұлттық Банктің электронды ақшасы арнайы әмияндарға жіберілетінін хабарлады. Электронды әмиянның өзі қазақстандықтың ЖСН базасында құрылатын болады. Шоттағы қаражат банктер/коллекторлар/салық органдары тарапынан өндіріп алудан қорғалатын болады.

Ақшаны басқару үшін электрондық ақшаны алушыны қашықтықтан сәйкестендіру мүмкіндігі бар қызмет- әлеуметтік кабинет (мобильді қосымша/вебсайт) әзірленетін болады. Осы кабинеттің көмегімен қаржылай қолдау алушы қаражатты тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін пайдалана алады.

"Әлеуметтік әмиянды енгізу белгілі бір тауарларды/қызметтерді қолма-қол ақшамен алуға және сатып алуға ешқандай шектеулерді білдірмейді", – деп түсіндірді министрлікте.

Әлеуметтік әмиян енгізілгеннен кейін азаматтарға төлемдер мен жәрдемақыларды қайда есептеу керектігін таңдау мүмкіндігі беріледі: әмиянға электрондық ақшамен немесе әдеттегі тәсілмен банк картасына.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда "Цифрлық әмиянды" енгізу есебінен өнімдердің кейбір түрлерінің құнын 45%-ға төмендету жоспарланып отыр.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.