Қазақстандықтар зейнетақы қорынан миллиардтаған ақша алды

9 января 2023 года

Қазақстанда 8,7 млрд теңге көлеміндегі зейнетақы жинақтары жеке басқаруға берілді, деп хабарлайды LS.

Жинақтаушы зейнетақы қорының (ЖЗҚ) деректері бойынша 2023 жылғы 1 қаңтарға инвестициялық портфельді басқарушы 5920 өтініш негізінде 8,7 млрд теңге аударылған. Алайда бірегей өтініш берушілердің саны 3397 адамнан аз.

Қордың мәліметінше, бұл кейбір салымшылар өз жинақтарын бірнеше компанияға сеніп тапсырған. Жалпы аударымның орташа сомасы шамамен 1,5 млн теңге.

Тұрғын үйге зейнетақы салымдарын пайдалануға арналған өтініштерге келетін болсақ, 2022 жылы барлығы 600 мыңнан астам өтінім орындалды, ал арнайы шоттарға – 703 млрд теңге аударылды. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштерден 3,5 есе аз.

Біржолғы төлемдердің орташа сомасы да азайды. Егер 2021 жылы ол 3,4 млн теңгені құраса, өткен жылы-шамамен 1,2 млн теңгені құрады.

"Орындалған өтініштердің басым бөлігі Алматы (17,46%), Астана (14,09%), Маңғыстау облысы (10,32%) тұрғындарының үлесіне тиесілі. Егер пайдаланылған сомаларды салыстыратын болсақ, ең көп алматылықтар (22,57%), одан кейін Маңғыстау облысының тұрғындары (16,48%) және елорда тұрғындары (14,05%) алған", - деп атап өтті Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында.

Сонымен қатар емделуге өтініштер саны артты. Мәселен, 2022 жылы қорға 262 117 өтініш түссе, бұл 2021 жылмен салыстырғанда екі есе артқан. Салымшыларға денсаулық мәселелерін шешуге барлығы 192,4 млрд теңге аударылды. Бұл сома 2021 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп.

"2022 жылы емделуге төленетін төлемдердің орташа сомасы 700 мың теңгені, 2021 жылы – 900 мың теңгені құрады. Көбінесе (өтініштердің 96%-дан астамы) қазақстандықтар өздерінің жинақтарын медициналық мақсаттарда стоматологиялық қызметтерге пайдаланады. Өтініштердің тек 2,8%-ы офтальмологиялық қызметтерді алу мақсатында орындалды", - деп түйіндеді қорда.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақының ең төменгі көрсеткіші 48 032 теңгеден 53 076 теңгеге дейін өзгерді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.