Қазақстандықтар ет пен балықты көбірек жей бастаған, деп хабарлайды LS.
2024 жылдың IV тоқсанында қазақстандықтардың тамақ өнімдерін тұтынуы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда артты. Орташа есеппен әр тұрғын тоқсан ішінде 22 кг ет және ет өнімдерін жеген, бұл 4,6%-ға көп.
Сондай-ақ, көкөністерді тұтыну – 20 кг (+2,4%), теңіз өнімдері мен балық – 3,7 кг (+2,5%), жұмыртқа – 52 дана (+2,8%), жемістер – 18 кг (+4,8%), сүт өнімдері – 59,6 кг (+5,4%) болғаны байқалады.
Алайда бұл тек орташа көрсеткіштер. Шынайы жағдайды бағалау үшін тұрмысы төмен және ауқатты қазақстандықтардың рационына жеке тоқталған жөн.
Тұрмысы төмен азаматтар тоқсан ішінде 10,6 кг ет тұтынған (+4,8%), яғни күніне небәрі 117-118 г. Ал ауқатты адамдар бұл өнімді төрт есе көп жейді – 40,4 кг (+4,7%), яғни күніне 450 г.
Ауқатты қазақстандықтың рационында балық пен теңіз өнімдері де бар: тоқсанына – 7,4 кг (+3,7%), күніне – 83 г. Ал кедейлер тоқсан ішінде – 1,9 кг (+10,7%), күніне – 21 г жеген. Айырмашылық – 3,9 есе.
Балық пен теңіз өнімдерін тұтынуда да айырмашылық айқын: байлар тоқсанына 7,4 кг (+3,7%), күніне 83 г жесе, аз қамтылған азаматтар небәрі 1,9 кг (+10,7%), күніне 21 г ғана жеген.
Үш айда аз қамтылған қазақстандық 30 жұмыртқа жеген (күніне – 1/3 бөлігі). Ал ауқатты адам – 2,8 есе көп, яғни тоқсанында 85,9 дана (күніне – шамамен бір дана).
Тұрмысы төмен азаматтар үшін нан мен жарма – негізгі азық. Олар бұл өнімдерді тоқсан ішінде 27 кг (+9,1%), күніне 300 г тұтынған. Ал ауқаттылар арасында керісінше азайған – 39,5 кг (-5,5%), күніне 438,9 г. Айырмашылық – 45,9%.
Көкөніс тұтынуда байлар мен кедейлер арасындағы айырмашылық – 2,7 есе. Тұрмысы төмен азаматтар (картоптан басқа) тоқсан ішінде 12,7 кг (+0,1%), күніне 140 г жесе, ауқаттылар – 34,1 кг (+4%), күніне 379,5 г тұтынған.
Ал картоп бойынша айырмашылық сәл аздау – 2,4 есе. Байлар тоқсанына 18 кг (+1,4%), күніне 200,7 г жесе, тұрмысы төмендер – 7,5 кг (+8%), күніне 83,7 г тұтынған.