Қазақстандықтар кірістер туралы декларацияда қандай активтерін ұсынуға міндетті

25 августа 2023 года

2025 жылы барлық қазақстандықтар кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыруы тиіс. Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) LS-ке қандай активтер туралы есеп беру керектігін айтты.

Биыл декларацияны (250.00-нысан) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары тапсырады.Редакцияның сұрауына жауап ретінде МКК 23 тамызға есепті 523 049 адам ұсынғанын хабарлады. Электрондық форматта құжатты 522 968 адам, қағаз тасымалдағышта – 81 адам тапсырды.

2024 жылы декларацияны (250.00-нысан) заңды тұлғалардың басшыларына, құрылтайшыларына (қатысушыларына), жеке кәсіпкер және олардың жұбайларына ұсыну қажет болады.

Ал 2025 жылы кірістер мен мүлік туралы есепті барлық қазақстандықтар тапсыруға міндетті.

Декларацияны бірінші рет тапсыратындар 250.00 нысанын пайдалануы керек. Құжатта тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де бар активтер көрсетіледі. Оларға: жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, көлік, арнайы техника және (немесе) тіркемелер жатады. Сондай-ақ, ҚР шегінен тыс орналасқан шетелдік банктердегі шоттарда ақшаның болуы туралы есеп беру қажет.

Бұдан басқа, елдегі және одан тыс жерлердегі тұрғын ғимаратқа үлестік қатысу, шетелдік заңды тұлғаға қатысу туралы ақпаратты көрсету қажет. Қолда бар инвестициялық алтын, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, зияткерлік меншік, Авторлық құқықтар туралы ақпаратты толтыру қажет.

Декларацияны қайта тапсыратындар – 270.00-нысан, олар есепті кезең ішінде сатып алынған және (немесе) сатылған активтер туралы ақпаратты жаңартуы керек. Сондай-ақ, осы сатып алу қандай қаражат есебінен жасалғанын көрсетіңіз.

Тізімге не кіреді:

    • мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік, сондай-ақ, құқығы және мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік;

    • мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері;

    • заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;

    • бағалы қағаздар;

    • инвестициялық алтын;

    • туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүзеге асырылатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда);

    • тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;

    • антиквариат, сәнді заттар.

Декларацияны жыл сайын 15 шілдеден кешіктірмей қағаз тасығышта немесе 15 қыркүйекке дейін электрондық форматта ұсыну қажет.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.