Қазақстандықтарға несие алу қиынға соғады

12 августа 2022 года

Қазақстанда тұтынушылық несиелерді алу шарттарын қатаңдату ұсынылады, деп хабарлайды LS.

Қаржы нарығын реттеу агенттігі жобаның мақсаты тұтынушылық несиелендірудің шамадан тыс өсуіне жол бермеу және халықтың қарыз жүктемесін шектеу екенін көрсететін құжат жариялады.

"Берілетін қарыз сомасын толығымен жабатын жылжымайтын мүлік/ақша кепілімен қамтамасыз етілген несиелерді қоспағанда, барлық берілетін банктік қарыздар мен микрокредиттерге борыштық жүктеме коэффициентін (БЖК) есептеу бойынша талапты тарату ұсынылады. Бұл білім беру кредиттері жүйесі және тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарға да қатысты", - делінген құжатта.

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы редакцияда банк әлеуетті қарыз алушының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2022 жылы 37 389 теңге) және отбасының әрбір кәмелетке толмаған мүшесіне ең төменгі күнкөріс сомасының жартысынан аз болса не БЖК мәні шекті мәннен асып кетсе ғана несие беруден бас тартады.

Сондықтан, қаржы нарығын реттеу агенттігі осы жағдайлардың бірі туындаған кезде банктер несие беру туралы оң шешім қабылдамайтын талапты белгілеуді ұсынады.

Құжат 2022 жылдың 24 тамызына дейін талқылануда.

Бұған дейін, LS тұтынушылық несие беру көлемі 2022 жылдың басынан 649,6 млрд теңгеге өскенін жазған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.