Қазақстандықтар Ұлыбританияда 52 млрд теңгенің мүлкін заңдастырды

Королдік мүліктеріне негізгі қаржы шетелдік мүлікті заңдастыру бойынша келді

20 января 2017 года

Қазақстандықтар 2 жылда 32 елден  жалпы құны 62,2 млрд. теңге болатын мүлікті заңдастырды, деп хабарлайды LS.  Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Мекеменің мәліметтері бойынша, 408 нысанның 96 пайызы тұрғын-үйлер (пәтер, жеке үй ж.т.б). Тұрғын үй нысандарының орташа құны – 158,6 млн. теңге, ал коммерциялық нысандардың орташа құны – 35,4 млн. теңге.

Мекеменің түсіндіруінше, шетелдік мүлікті алушылардың көбі  алматылықтар. Олар әрбір нысанға орта есеппен 334,2 млн. теңгеден жұмсаған. Бұл көрсеткіш жағынан екінші орында 72,7 млн. теңгемен астаналықтар, үшінші орында 66,4 млн. теңгемен Ақтөбе облысының тұрғындары тұр. Шетелдегі қозғалмайтын мүлікке қаржы жұмсау жағынан ең төменгі көрсеткіш Ақмола (2,5 млн. теңге) мен Қостанай (2,5 млн. теңге) және Павлодар (1,6 млн. теңге) облыстарына тиесілі болып отыр.

Ең қымбат сатып алулар Ұлыбританияда жасалған. Онда  22 нысанға 52,4 млрд. теңге жұмсалған. Оның 52 млрд. теңгесін 18 мүлік нысанын құрайды. Екінші орында Біріккен Араб Әмірлігі  (БАӘ). Онда заңдастырылған 119 тұрғын-үйдің бағасы 5,7 млрд. теңге көлемінде болып отыр. Бұл еуропалық мемлекеттерден 10 есе аз.    

Тіркелген мүліктер саны бойынша Ресей көш бастауда. Онда 568 млн. теңгенің 142 нысаны бар. Ал БАӘ мен Түркияда 808 млн. теңгенің 36 нысаны орналасқан. 

Тап сол кезде Қазақстанның өзінде 1,3 трлн. теңгенің 150.8 мың нысаны заңдастырылған. Оның 69 %-ның орташа құны 9,9 млн. теңгені құрайтын тұрғын-үйлер. Ал коммерциялық нысандардың құны 18,8 млн. теңгені құрап отыр.

Мемлекеттік кірістер комитетінің бағалауынша, ең қымбат мүлік Алматыда. Ол орта есеппен 21,4 млн. теңге тұрады. Одан кейінгі орындарда Маңғыстау (19,7 млн теңге) мен  Қарағанды  (15,7 млн. теңге) облыстары тұр. Ең арзан мүлік Павлодар облысында көрінеді. Бұл өңірде мүлік құны 1,7 млн. теңгені құрауда. Арзандығы жағынан екінші орында Ақтөбе  облысы (2,4 млн. теңге), үшінші орында Солтүстік Қазақстан облысы (2,7 млн теңге) орналасқан.

Мүлікті заңдастыру бойынша ең белсенді қатысушылар Алматы облысының тұрғындары болып отыр. Олар 385 млрд. теңгенің 48,7 мың  нысанын тіркеді. Екінші орында 548 млрд. теңгенің 25,7 мың нысанын заңдастырған алматылықтар тұр. Үшінші орынды 30 млрлд теңгенің 12,6 мың нысанымен Ақтөбе облысының тұрғындары еншіледі.

Мүлікті ең аз заңдастырған Батыс Қазақстан облысы. Онда 3,2 млрд. теңгенің 494 нысаны ғана тіркелген. Одан кейінгі орындарда  13,6 млрд теңгенің 691 нысанымен Маңғыстау облысы және 13 млрд. теңгенің 827 нысанымен Қарағанды облысы тұр. 

Тіркелген тұрғын үйлер құны бойынша 102 млрд теңгенің 11,7 мың бірлігімен Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстары көш бастауда. 

Мүлікті заңдастыру акциясына қатыспаған адамдарды  Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың өз мүлкін тіркемеуге құқы барлығымен түсіндірді.

"Қазақстандағы заңдастыру міндетті емес. Азаматтар акцияға қатысу керек пе, жоқ па деген шешімді  өз беттерімен қабылдады. Егер азаматтың елімізде және одан тыс жерлерде  мүлкі мен банктік шотында миллиондаған қаржысы болса да, оларды заңдастыру міндетті емес. Мұндай азаматтар  бұл активтері заңды экономикалық айналымда болып, оның қайдан келгені заңды болса және бұл үшін тиісті салығын төлеген болса акцияға қатысудың еш қажеті жоқ. Сондықтан өз активін заңдастырмағандардың бәрі бірдей заңға бағынбаушылар деуге болмайды",  – дейді Мемлекеттік кіріс комитеті.   

Естеріңізде болса, бұған дейін Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мүлікті заңдастыру әрекеті кезеңінде 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 2016 жылдың 23 желтоқсаны аралығында Қазақстанда 5,7 трлн. теңгенің мүлкі заңдастырылғанын хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.