Қазақстандықтар қай валютаға көбірек сенім артады

Салымшылар қаражаттың көп бөлігін депозиттерде сақтайды

30 марта 2021 года

Әлемдік нарықтардағы белгісіздік инвесторларды қорғаныс активтерін іздеуге мәжбүр етеді. LS тілшісі қазақстандықтардың қандай валюталарға басымдық беретінін білді.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) талдаушысы Рамазан Досов долларсыздандыру статистикасы бойынша ұлттық валютаға деген сенім тұрақты өсіп келе жатқанын атап өтті.

"2016 жылғы қаңтардың шыңынан шетел валютасындағы салымдардың үлесі 70%-ға дейін қазіргі уақытта 37%-ға дейін (2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша), яғни екі есе төмендеді. Осы кезеңде депозиттік база 40%-ға, 16,4 трлн-нан 22,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Басқаша айтқанда, шетел валютасы үлесінің төмендеуі жинақ деңгейінің жалпы төмендеуі есебінен емес, салымдардың ұлттық валютаға "ауысуына" байланысты болды", – деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, Досовтың пайымдауынша, инвестициялаудың негізгі ережелерінің бірі валюта бойынша портфельді әртараптандыру болып табылады. Бұл бағамдардың ауытқуларына байланысты тәуекелдерді саралауға мүмкіндік бермек. Көпшілік үшін бұл валюталарға әр түрлі пропорцияда инвестиция салуды білдіреді.

"Негізгі үлесті шығыстар жүргізілетін валюта алады. Неғұрлым тәжірибелі инвесторлар валюталық жұптарға байланған фьючерстер мен опциондар арқылы өз тәуекелдерін саралай алады. Мұндай келісімшарттарды биржада ашуға болады, өйткені үшінші тарап мәмілеге міндетті түрде қатысып, ол тараптардың өз міндеттемелерін орындауының кепілі болып табылады", – деп нақтылады ол.

Сондай-ақ, ҚҚҚ талдаушысы Ұлттық банктің сауалнамасына сілтеме жасай отырып, жинақтары бар адамдардың арасында (респонденттердің 15%) абсолюттік көпшілігі оларды депозиттерде – 63%, тағы 23% – қолма-қол нысанда сақтайтынын атап өтті.

"Салымшылардың қалауын біз ұлттық валютадағы және шетелдік валютадағы үлестерінің- тиісінше 63% және 37%-на қарай айқындай аламыз. Егер қолма-қол ақша туралы айтатын болсақ, онда жинақтардың 76%-ы теңгемен, 28%-ы доллармен, 15%-ы евромен, 5% -ы рубльмен сақталады", – деп түйіндеді Досов.

Бұған дейін LS қазақстандықтар жинақтарын қалай сақтауды жөн көретіндері туралы жазған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.