Қазақстандық коллекторлар қызметі жаңаша сипат алды

Несие тарихын сақтау мерзімі екі есе қысқарды

29 апреля 2021 года
    

Қазақстанда коллекторлық агенттіктердің жұмыс әдістері айтарлықтай шектелді, деп хабарлайды LS.

Тиісті заң бүгін сенатта қабылданды. Құжат борышкерлерге басқа біреудің телефон нөмірлерінен қоңырау шалуға тыйым салуды қарастырады.

Одан басқа, агенттіктер борышкермен сөйлесудің кез келген процесіне бейне және аудио түрінде жазба жүргізуге міндетті болады. Сенаторлардың пікірінше, бұл норма коллекторлар тарапынан дөрекі сөйлесу немесе заңнаманы бұзудан сақтайды.

Бұдан басқа, несие тарихы нашар адамдар енді аса қажет болған жағдайда несие ала алады. Егер бұрын ондай тарихты сақтау мерзімі 10 жыл болса, бүгінде қабылданған түзетулерге сәйкес бұл мерзім бес жылға дейін қысқарады.

"Банктер өткен 10 жыл ішінде қарыз бойынша төлемдердің мерзімін өткізіп алған адамдарға несие беруден бас тартады. Енді, мерзімді қысқарту 490 мыңға жуық клиентке қажет болған жағдайда банктер мен микроқаржы ұйымдарында несие алуға мүмкіндік бар", - деп атап өтті сенатор Ольга Перепечина.

Сондай-ақ, банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша проблемалық берешекті сотқа дейін реттеу тетіктері де жетілдірілді. Осылайша, барлық кредиторлар – банктер мен банктік емес кредиттік ұйымдар үшін мерзімін өткізіп алуды реттеудің бірыңғай құқықтық режимі енгізіледі. Заңға тәуелді акт деңгейінде өтініштерді қарау тәртібі айқындалатын болады.

Бұдан басқа, проблемалық берешекті реттеу үшін қарыз алушы мен кредитордың өзара іс-қимылы екі есеге (180 күннен 90 күнге дейін) қысқарады.

Микроқаржы ұйымдарына келетін болсақ, заң жобасында МҚҰ-ға шарттың бірінші бетінде несиенің толық құны туралы ақпаратты көрсетуді міндеттейтін және сыйақыны (тұрақсыздық айыбын, айыппұлдарды, өсімпұлдарды, комиссияларды) есептеуге тыйым салатын нормалар көзделген.

Сонымен қатар, депутаттар несиелендіруде тәуекелдердің өсуіне жол бермеуге және азаматтардың борыш жүктемесін шамадан тыс арттыруға қатысты өзгерістер енгізді:

- мерзімі өткен 180 күн өткеннен кейін барлық ипотекалық қарыздар бойынша сыйақы, комиссиялар және міндеттемелердің өзге төлемдерін есептеуге тыйым салынады (қазіргі уақытта тыйым ипотекалық тұрғын үй қарыздарына қатысты қолданылады);

- банк заңнамасына ұқсас микрокредиттер бойынша мерзімін өткізіп алғаны үшін тұрақсыздық айыбының мөлшері шектелсін.

"Егер келісімге қол жеткізілмесе, қарыз алушыға қаржы нарығын реттеу агенттігіне жүгіну құқығы беріледі. Осы кезеңде несие беруші борышкерлердің кепілге салынған мүлкін өндіріп алу рәсімін бастауға құқылы емес. Сондай-ақ, банктер мен МҚҰ несие бюросына номиналды және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелері туралы ақпарат беруді міндеттеді және жарнама орналастыру кезінде СЖТМ-ді көрсетуі тиіс", - деп түйіндеді депутаттар.

Бұған дейін LS, коллекторларға 88 млрд теңгеге проблемалық кредиттер сатылғаны туралы жазған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.