Қазақстанда жасырын сөз байласуға қатысты жазаны күшейту қолға алынбақ

2018 жылы монополияға қарсы ведомство 30-ға жуық жасырын сөз байласу оқиғасын қарастырды

12 ноября 2019 года

Қазақстанда жасырын сөз байласу қылмысына қатысы бар компаниялар үшін жаза күшейтілмек, деп хабарлайды LS тілшісі.

Корпоративтік заңгерлер XIV қазақстандық форумында бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Әлжан айтқандай, өткен жылы монополияға қарсы ведомство 30-ға жуық жасырын сөз байласу оқиғасын қарастырды. Қазір ағымдағы тергеу комитетінде 25-ке жуық іс бар.

"Бұзушылықтар біршама анықталуда. Бұл жағдайларда көптеген субъектілер араласады, бірақ қырғауылға бәрі түспейді. Сонымен қатар, кейбір компаниялар сотқа келіп, өз кінәсін мойындап, тәртіп бұзушылықты жойып, айыппұл төлейді",-  деді Ерлан Әлжан.

Оның айтуынша, егер жасырын сөз байласуға ілінген компанияларға тіркелген айыппұл жазылса, онда ол 1 мың АЕК (2,5 млн теңге) немесе 2 мың АЕК (5 млн теңге) жетуі мүмкін. Айналымның 1% мөлшеріндегі өндіріп алу ірі компания үшін айтарлықтай маңызды болуы мүмкін. Өйткені, мұндай жағдайда жасалған заң бұзушылық айналымы ескеріледі. Егер ол бірнеше жылғы оқиға болса, онда айыппұл барлық уақыт аралығының 1% айналым мөлшерінде төленеді.

"Біз жасырын сөз байласуды бақылауды қатаңдатуға қатысты заңға түзетулерді талқылауға шығардық. Оның ішінде айналым айыппұлдарына көшу де бар. Субъектілер ақпаратты мүлдем өткізбеу немесе оны толық көлемде ұсынбауы жиі кездеседі. Мұндай жағдайда біз компанияны жауапкершілікке тартамыз. Енді біз бұл жағдайда айналым айыппұлдарының бірден жазылғанын қолға алудамыз. Бұл бизнес жағдайдың маңыздылығын түсініп, жасырын сөз байласу бойынша тергеу жүргізу кезінде қажетті ақпаратты өз еркімен ұсыну үшін жасалады",- деп толықтырды Ерлан Әлжан.

Бұрын LS Қазақстанда 2018 жылдан бастап "картель" (жасырын) ұғымы енгізілгенін жазған. Бұрын мұндай бұзушылықтар "көлденең келісімдер" ретінде өтті. Аталған бұзушылықтарды анықтау бойынша тексерулердің тиімділігін арттыру үшін "таңертеңгі тексеру" рәсімі енгізілді. Егер бұрын тексеру алдында кәсіпкерлік объектілері ескерту алса, енді жасырын бұзушылығына қатысты тексеру жүргізу туралы бұйрық тексеру объектісіне тікелей тексеру алдында тапсырылады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Падение доходов населения и уроки от Кыргызстана – что беспокоит главу Нацбанка
14 ноября 2025 года
Мясо и пшеница караванами: поставки казахстанских продуктов в Узбекистан растут. Инфографика
14 ноября 2025 года
Казахстан и Узбекистан хотят совместно производить линейный алкилбензол
вчера
США разрешили КТК, Кашагану и ТШО проводить сделки с ЛУКОЙЛом и Роснефтью
вчера
Правительство утвердило список тех, кто не сможет работать на упрощенке
14 ноября 2025 года
Неравная конкуренция: Шаяхметова о растущем влиянии государства в бизнесе
14 ноября 2025 года
В нескольких областях отмечено падение производства яиц и мяса
14 ноября 2025 года
Кредиты от телекомов и финтеха возьмут под контроль
14 ноября 2025 года
Банки активно кредитуют бизнес: выдано 14,7 трлн тенге за девять месяцев
14 ноября 2025 года
Цифровые финансовые инструменты должны работать на клиентов – Турлов
14 ноября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.