Қазақстанда жалақы мен зейнетақы қалай өзгерді

7 сентября 2022 года
    

Қазақстанда президенттің тапсырмасы бойынша ең төменгі жалақы 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін өседі. LS тiлшiсi соңғы 10 жылдағы негізгі есептік көрсеткіштердің, сондай-ақ жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм қалай өзгергенін инфографикада көрсетуге тырысты.

Ең төменгі жалақы деңгейі 2013 жылдан бастап 3,2 есе өсті және қазіргі уақытта 60 мың теңгені құрайды. Бұл ретте 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейін ол өзгеріссіз қалды (42,5 мың теңге), ал өткен жылдан бастап 60 мың теңгеге дейін арттырылды. Араға бір жыл салып бұл деңгей тағы да 70 мың теңгеге дейін өседі.

Зейнетақының ең төменгі мөлшеріне келетін болсақ, аталған кезеңде ол 2,5 есе өсті (19,1 мың теңгеден 48 мың теңгеге дейін). Көрсеткіштің ең көп өсуі 2017 жылы (5,4 мың теңгеге) және 2022 жылы (4,8 мың теңгеге) байқалды. Ең төменгі зейнетақының жыл сайынғы орташа өсуі шамамен 3,3 мың теңгені құрайды.

Жыл сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшері де өзгереді. Биыл ол 3,1 мың теңгеге жетті. 2013 жылдан бастап АЕК 1,8 есе өсті. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 146 теңге.

Бұдан басқа, елдің экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі- жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм (ЖІӨ) – 2013 жылдан бастап 2021 жылға дейін 2,1 есеге ұлғайды. Өткен жылы ол 4,4 млн теңгеге жетті, бұл алдыңғы екі жылдың көрсеткішінен 700 мың теңгеге жоғары. Бұл талданып отырған кезеңдегі ЖІӨ-нің ең үлкен өсімі.

Дереккөз: Ұлттық статистика бюросы

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.