Қазақстанда жақын арада электр қуатының тапшылығы туындауы мүмкін

Төтенше жағдайлар айтарлықтай көбейді

2 ноября 2021 года
    

Алдағы екі айда Қазақстанға 900 млн кВтс электр энергиясы жетпеуі мүмкін. Бұл туралы LS-ке KEGOC компаниясында хабарлады.

KEGOC ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында елдің бірыңғай энергия жүйесіндегі (БЭЖ) электр энергиясының тапшылығы шамамен 900 млн кВтс құрауы мүмкін. Бұл соңғы уақытта елде тұтынудың, соның ішінде крипто-фермалардың жоғары өсу қарқынының болуына байланысты. 2021 жылдың соңғы тоғыз айында өсім 7,2% немесе 5,6 млрд кВтс құрады.

Компания халықты жарықпен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы шаралар жеткіліксіз болса, бірінші кезекте цифрлық кеншілерді шектей бастайтынын түсіндірді.

"Ең жоғары жүктеме сағаттарында тұтыну өткен жылғы мәндерден 1500 МВт-тан асады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 115 млрд кВтсағ көлемінде пайдалану күтілуде. Бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 7,2%-ға немесе 7,7 млрд кВтсағ жоғары. Осыдан БЭЖ-де электр станцияларындағы авариялық және жоспарланбаған жөндеулердің айтарлықтай санынан, сондай-ақ, 2021 жылғы жоспарлы жөндеулер кестесінің жоғары тығыздығынан туындаған өндіруші қуаттардың тапшылығы байқалады", - деп атап өтті компанияда.

Апаттық сөндірулердің ұзақтығы биыл 29%-ға артқан.

Тұтынушыларды шектеуді талап ететін жағдайларды азайту үшін бірқатар шаралар әзірленді. Оның ішінде электр станциялары ажырату қатерін болдырмау үшін авариялық істен шыққан генерацияны ауыстыруға міндетті (2021 жылғы қазан айының соңында қолданысқа енгізіледі).

"Жоғарыда көрсетілген шаралар жеткіліксіз болғанда және тұтынушылардың шектеулерін енгізу қажет болғанда, ҚР нормативтік-құқықтық актілеріне қосымша түзетулермен цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұтынушыларды бірінші кезекте шектеу көзделеді", - деп қорытындылады KEGOC ұйымында.

Бұған дейін, энергетика министрлігі кеншілердің электр энергиясына қолжетімділікке шектеу қою мүмкіндігін түсіндірген болатын. Сондай-ақ, елде 1 квт/сағ үшін 1 теңге – майнингке салық енгізілмек.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.