Қазақстанда жаңа министрлік құрылады

вчера

Қазақстанда жаңа министрлік құрылатыны белгілі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті тапсырманы өз жолдауында берді, деп хабарлайды LS.

Президент жыл сайынғы жолдауында алдағы үш жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін қойды.

Мемлекет басшысы атап өткендей, кең ауқымды цифрландыру мен жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізу экономиканы жаңғыртудың маңызды қадамы болып табылады.

Алғашқы қадам – цифрлық кодексті жедел қабылдау. Аталған құжат платформалық экономика, жасанды интеллект, үлкен деректерді пайдалану және өзге де негізгі бағыттарды белгілейді.

"Жаңа технологиялық дәуірге қадам басу үшін мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі жаңартып, оның ашықтығын, тиімділігін және адамға бағытталуын еселеп арттыру қажет", – деді президент.

Осы мақсатта Қ.Ж. Тоқаев жасанды интеллект пен цифрлық даму министрлігін құруды жүктеді. Жаңа министрлікті вице-премьер дәрежесіндегі басшы жетекшілік етпек.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.