Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Әр қала үшін максималды сомалар аталды

18 октября 2022 года

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламаның іске қосылуы туралы мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды LS.

"Ашық НҚА" порталында  болашақта іске қосылуы жоспарланып отырған ипотеканы субсидиялау бағдарламасы қағидаларының жобасы талқыланып жатыр.

Оның ішінде тұрғын үйді соттан тыс сату туралы келісімнің болуы көмек алудың міндетті шарты болады. Басқаша айтқанда, егер қазақстандық несиеге қызмет көрсете алмаса, онда оның мүлкі сотсыз сатылады.

Жалпы, міндетті шарттар: ипотека бойынша кредиттеу мерзімі 240 айға дейін, бастапқы жарна тұрғын үй құнының кемінде 20% (қаражаттың немесе оларды сатушыға төлеу туралы растайтын құжаттардың болуы).

Жылжымайтын мүлік бастапқы немесе салынып жатқан объект болуы тиіс.

Астана мен Алматыда тұрғын үй сатып алу кезінде субсидиялауға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызының ең жоғары сомасы – 35 млн теңгеге дейін, Ақтау, Атырау және Шымкентте - 25 млн теңгеге дейін, Қарағандыда – 20 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде – 15 млн теңгеге дейін қоса алғанда.

Төлем уақыты әр айдың 10 күні жүзеге асырылады. Субсидиялаудың ең жоғары мерзімі 10 жылдан аспайды.

Бұдан басқа, қарыз алушы банкке қарыз алушы туралы кез келген мәліметтерді беруге, сондай-ақ шарт шеңберінде қарыз алушы туралы алынған мәліметтерді (оның ішінде банктік құпияны) қарыз алушының алдын ала жазбаша келісімінсіз мемлекеттік аудит органдарына жария етуге келісім береді.

Субсидиялаудың өзі субсидиялау туралы шешім қабылданған сәтте қолданыста болатын Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен банктер беретін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ғана жүзеге асырылады.

Субсидиялар бірыңғай оператордың кепілдігімен қамтамасыз етілген бастапқы тұрғын үйді және (немесе) салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жылдық 7%-на дейін өтеледі.

Құжат 2022 жылдың 27 қазанына дейін қоғамдық талқылауда болады.

Бұған дейін, LS редакциясы осы бағдарламаның іске қосылуы мен мерзімдері туралы ақпарат жариялаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.