Қазақстанда жүздеген ескі үйлер бұзылмақ

23 мая 2022 года

Қазақстанда 2,8 мың ескі үй тіркелген. Бұл туралы LS-ке индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде хабарлады.

Сондай-ақ, 788 үй апатты деп танылды.

Министрлiктiң ақпаратынша, ескі үйлердің көпшілігі Алматыда тіркелген – 1,4 мың бірлік, Қарағанды облысында – 552, Батыс Қазақстан облысында – 409 бірлік.

2022 жылдан 2025 жылға дейін елімізде реновация бағдарламасы аясында 251 үйді бұзу жоспарланған: 2022 жылы – 25 үй, 2023 жылы – 50 үй, 2024 жылы – 75 үй, 2025 жылы – 101 үй.

Оның ішінде биылғы жылы:

- Ақтөбе облысында – бір үй;

- Алматы облысында – екі үй;

- Атырау облысында – үш үй;

- Шығыс Қазақстан облысында – екі үй;

- Батыс Қазақстан облысында – екі үй;

- Қарағанды облысында – бір үй;

- Қызылорда облысында – бір үй;

- Павлодар облысында – бір үй;

- Солтүстік Қазақстан облысында – бір үй;

- Нұр-Сұлтанда – тоғыз үй;

- Шымкентте – екі үй.

Министрлiкте жаңарту бағдарламасы аясында авариялық тұрғын үйлерді бұзып және сол жерден азаматтарды көшіру арқылы қалалардың ескі кварталдарын кешенді қайта құру көзделетiнi атап өтілді. Бұл процесте іске асыру тетігі мен өлшемдері, оның ішінде меншік иелеріне өтеу тәртібі мен шарттары белгіленетін болады.

Қаржыландыру жергілікті бюджет және өзге де жеке инвестицияларды тарту, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері, екінші деңгейдегі банк қарыздары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатын тарту арқылы есебінен жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін LS Алматыда 2022 жылы 32 үйді бұзу жоспарланғанын хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.