Қазақстанда тауарлар мен қызметтер күрт қымбаттады

Қағазға баға екі есе өсті

3 октября 2022 года

Қазақстандағы инфляция деңгейі 17,7%-ға өсті, деп хабарлайды LS.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың қыркүйегінде азық-түлік тауарларының бағасы 2021 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 22,2%-ға өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 17%-ға, ал ақылы қызметтер 12,3%-ға көтерілді. Жалпы жылдық инфляция 17,7% құрады.

Өңірлер бөлінісінде инфляцияның ең көп өсуі Маңғыстау облысында – 21,7% және Астанада – 20% байқалды. Алматыда бұл көрсеткіш 17,3%-ға тең.

Тауарлар арасында А4 қағазы екі есе қымбаттады, түйіршіктелген қант үшін өсім 80,8%, кір сабын үшін – 68,9%.

Тамызбен салыстырғанда инфляция 1,8%-ға өсті.

Өсімнің ең жоғары қарқыны ақылы қызметтерге – 2,7%-ға (тамызда 1,6%-ға) байқалды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,9%-ға қымбаттады (тамызда – 1,8%). Азық-түлік тауарлары – 1,2%-ға (тамызда – 1%-ға).

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінен жиһаз бен тұрмыстық заттарға баға 5%-ға, жуу және тазалау құралдарына – 4,4%-ға, жеке пайдалануға арналған тауарларға – 2%-ға, киім мен аяқ киімге – 1,9%-ға өсті. Отын бағасы 3%-ға, тас көмір 2,9%-ға, баллондардағы сұйытылған газ 1,5%-ға қымбаттады.

Азық-түлік тауарлары бойынша жұмыртқа бағасы 7,5%-ға, күнбағыс майы – 4,6%-ға, күріш, макарон өнімдері – 4,1%-дан, тоқаш және ұн өнімдері – 3,8%-ға, жармалар – 3,2%-ға, кондитерлік өнімдер – 3,1%-ға өсті. Жаңа піскен көкөністерг бағасы – 10,2%-ға, картоп – 8,5%-ға, құмшекер – 5,2%-ға, жаңа піскен жемістер – 3%-ға арзандады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.