LS редакциясы Қазақстанда танымал көліктердің бағасы қаншалықты өзгергенін салыстырды.
2021 жылдың алты айында топ-10 танымал автомобильде үш жаңа модель пайда болды. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының мәліметтері бойынша, рейтингті Chevrolet Nexia басқарды – 2021 жылғы қаңтар-маусымда 6,93 мың авто сатылған. Мұндай машинаның құны 3,99 млн теңгеден басталады. Бұл ондықтағы ең арзан модель. Рейтингте жоқ Ravon R3 Nexia 3,69 млн теңгеден басталатын баға бойынша бәсекелесе алады.
Сонымен қатар, Chevrolet Cobalt 7,1%-ға, 4,48 млн теңгеге дейін қымбаттады. Бұл модельдің 6,3 мың бірлігі сатып алынды.
KIA Rio 6,9%-ға, 6,09 млн теңгеге дейін арзандады. 2,6 мың бірлік сатылды.
Сондай-ақ рейтингке Hyundai Accent кірді – (5 276 бірлік). Бұдан әрі тізім бойынша: Toyota Camry (2 728), Hyundai Creta (2 317), Toyota RAV4 (1 825), Volkswagen Polo (1 463), Lada Vesta (1 288), Hyundai Tucson (1 284).