Қазақстанда тағы бір жеңілдетілген ипотека іске қосылмақ

Ол даму әлеуеті төмен моноқалалардың тұрғындарына арналған

28 декабря 2021 года
    

Отбасы банкі ұлттық даму институтына айналады, деп хабарлайды LS.

Бұл туралы үкімет отырысында "Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы Айдар Арифханов мәлімдеді.

Спикер Отбасы банкінің базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылатынын хабарлады. Ол сонымен қатар, тұрғын үйге мұқтаждардың барлығын есепке алып жүргізуді, тұрғын үйдің қол жетімділік сатысына сәйкес қойылған күні бойынша тұрғын үйді бөлуді орталықтандырып жүзеге асыратын болады.

"База жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланатын болады. Бұдан басқа, банктің мәртебесін ұлттық даму институты мәртебесіне ие банкке өзгерту жоспарлануда. Бұдан басқа, Отбасы банкі облыстардың әкімдерімен бірлесіп даму әлеуеті төмен моноқалалардың тұрғындары үшін бастапқы жарнасы 10%, сыйақы мөлшерлемесі 2-5% болатын жеңілдікті ипотека бағдарламасын әзірлейтін болады. Өнімді құрудың жоспарланған мерзімі – 2022 жылдың I тоқсаны", - деп атап өтті Арифханов.

Ол 2021 жылы халыққа 1,1 трлн теңгеге 73 мың жеңілдікті қарыз берілгенін айтты. Оның ішінде "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында – 150 млрд теңгеге 13,6 мың қарыз.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша "Бақытты отбасы" жылдық 2%-бен биыл 70 млрд теңге бөлініп, 45 млрд теңгеге 3 837 несие берілді. Бұдан басқа, 10,2 млрд теңгеге 873 қарыз қосымша мақұлданды. Барлығы 2022-2025 жылдарға арналған "Бақытты отбасы" бойынша беру жоспары 240 млрд теңгені құрайды.

Әріпханов қазіргі уақытта "Қазреестр" үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі, оның ішінде мемлекеттік деректер базасымен интеграция арқылы жаңғыртылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл үлестік қатысу шарттарын электрондық тіркеуді үш күннен екі сағатқа дейін қысқартуға және жосықсыз құрылыс салушылар арасында тұрғын үйді нарықта "қосарланған" сатуды болдырмауға мүмкіндік береді.

"Сондай-ақ,"Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" құрылыс материалдарының маркетплейсін әзірледі. Ол тұрғын үй құрылысының өзіндік құнын төмендетуге және қазақстандық өндірушілерді қолдауға бағытталған. Қазір отандық өндірушілерге коммерциялық ұсыныстар жіберу функциясы бар құрылыс материалдарына қажеттілік витринасы қалыптастырылды. Екінші кезеңде жеткізушілер мен құрылыс салушылар арасында онлайн-шарттар жасасу функциясы әзірленетін болады. Маркетплейсті өнеркәсіптік пайдалануға енгізу 2022 жылдың І тоқсанында жүзеге асырылады, - деп түйіндеді холдинг басшысы.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.