Қазақстанда тәртіп қалай жүргізiлмек

Бұған 50-ден астам іс-шара бағытталған

18 января 2022 года

Қазақстанда салықтық және кедендік тексерулер, құрылыстарды бұзу тоқтатылады, сондай-ақ, батыс өңірлер дамитын болады. LS Ұлттық экономика министрлігінің елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі басқа да iс-шаралары туралы хабарлайды.

Ведомство басшысы Әлібек Қуантыровтың айтуынша, халықты және кәсіпкерлікті қолдау бойынша жеті іс-шара қарастырылған.

"Мәселен, басталған салықтық және кедендік тексерулерді 2022 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде тоқтата тұру және кейінге қалдыру, кәдеге жарату алымының мөлшерлемелері мен тәсілдерін қайта қарау, 2022 жылғы 20 сәуірге дейінгі кезеңге құрылыстарды көшіруге, орналастыруға, бұзуға байланысты атқарушылық әрекеттерді жүргізуге уақытша тыйым салуды енгізу жоспарлануда", - деп атап өтті министр.

Ұйымдастыру – қаржы мәселелеріне келетін болсақ, олар бойынша сегіз іс-шараны іске асыру жоспарлануда.

"Олар теңгеге деген сенімді толық қалпына келтіргенге дейін валюта нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуді, Батыс өңірлер үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарларын әзірлеуді немесе өзектендіруді, жаппай тәртіпсіздіктер салдарын жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылауды қамтиды", - деп түсіндірді Қуантыров.

Бұдан басқа, 15 іс-шара бағалардың негізсіз өсуін болдырмауға бағытталатын болады.

"Бұл іс-шараларға сұйытылған мұнай газын өткізудің жаңа тетігін әзірлеу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша форвардтық тетіктерді қаржыландыруды ұлғайту және көмір бағасының өсуіне жол бермеу шаралары кіреді", - деп атап өтті Қуантыров.

Жалпы, әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша жедел іс-қимыл жоспары 51 іс-шарадан тұрады. Министрдің айтуынша, оны іске асыру елдегі экономикалық жағдайды жедел қалпына келтіруге және күнделікті өмірге оралуға әкеледі.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.