Қазақстанда сумен жабдықтау мәселелерi қалай шешілмек

2 мая 2023 года

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сумен жабдықтау жүйесін жақсартуға 25 млрд теңге бөлудi сұрады, деп хабарлайды LS.

Бұл соманың не жұмсалатыны туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтып берді.

Атап айтқанда, бюджет есебінен сумен жабдықтау жүйелері мен тазарту құрылыстарының өндірістік процестерін автоматтандыруды жұмыстары жүргізілмек.

"Бұл үшін барлық учаскелерде су есептегіштерін орнату қажет. Автоматтандыру процессi су арнасының болашақ шығындарын, сондай-ақ, сумен жабдықтау және су бұру жүйесін салу мен реконструкциялауға арналған мемлекеттік бюджетті оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұл жұмыстарды республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында жүргізу үшін бюджеттен шамамен 25 млрд теңге қажет болады", - деді ол.

Министрдің айтуынша, мұндай жобаларды іске асыру  судың коммерциялық және техникалық шығындарын 15-40%-ға төмендетуге, инвестициялық шығындарды 10-15%-ға оңтайландыруға, электр энергиясына шығындарды 15-20% - ға қысқартуға  сондай-ақ, желілердегі апаттылықты 30-50%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

"Әкімдіктер халықты ауыз сумен 100% қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен орталықтандырылған сумен жабдықтауды салып, су арналарының өндірістік процестерін автоматтандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтаулары керек. Сонымен қатар іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізiп, елді мекендерде кешенді блок-модульдерді орнатуды жеделдетулерi қажет", - деп түйіндеді Қарабаев.

Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылы Қазақстанда суды өнімді пайдалануға 140 млрд теңгеге жуық қаржы бөлу жоспарланып отыр.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.