Қазақстан Сбермен бірлескен цифрлық жобаларды іске асырмайды. Бұл туралы LS-ке осы бағытқа жетекшілік ететін ведомствода хабарлады.
Цифрлық даму министрлігінің ақпараты бойынша, бүгінде Қазақстанда Сбермен бірлескен жобалар іске асырылмайды.
Ведомствода сондай-ақ, Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанды технологияландыруға әсері туралы түсініктеме берiлді.
"Біз бірнеше сценарийлердің дамуын қарастырып және олардың әрқайсысына дайындаламыз. Министрлік мамандары жоспарланған жобаларға талдау жасайды. Әр түрлі нұсқалар есептелiп, олардың әрқайсысына тиісті дайындық жасалады. Серіктестікке келетін болсақ, артықшылықтар Қазақстан үшін неғұрлым тиімді болатын тұстарға бағытталады", - деп түсіндірді министрлікте.
Бұған дейін, Қазақстанда платформалық модель жасау бойынша Сбермен ынтымақтастық мүмкіндігі қарастырылған болатын. Халықтың сынынан кейін цифрлық даму министрі Бағдат Мусин платформалық модельді Қазақстандық IT-мамандар әзірлейтінін хабарлады.