Қазақстанда салықтар жаңаша төленеді

Кодекске енгізілген жаңа нормалар түсіндірілді

30 июня 2021 года

Қазақстанда салық кодексіне өзгерістер енгізілді. Ұлттық экономика министрлігі жаңа нормаларды түсіндірді, деп хабарлайды LS.

Министiрлiк 6 АЕК салық берешегі кезінде банк операцияларының тоқтатылуына түсініктеме берді. Естеріңізге сала кетейік, бұл шара 1 шілдеден бастап бизнеске, резидент еместерге, жеке кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын адамдарға қатысты қолданылатын болады.

"6 АЕК немесе 17 502 теңге салық берешегінің шекті мөлшері белгіленген, одан төмен шотта тыйым салынбайды. Іс жүзінде, тіпті шамалы сома шоттардың жабылуына және, тиісінше, бизнес субъектілерінің тоқтатылуына әкелуі мүмкін", – деп түсіндірді ҰЭМ-де.

Бұдан басқа, пандемияға байланысты тексерiлу мен емдеуді қоса алғанда, санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге жұмыс берушінің шығыстары бойынша қызметкерлерді табыс салығынан босату болып табылады.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап пандемиядан зардап шеккен 114 қызмет түрі үшін екі жыл мерзімге арнайы бөлшек салық режимі енгізілді. 2023 жылдан 2025 жылға дейін қоғамдық тамақтану саласы үшін режим ұзартылады. Салық ставкасы 6% мөлшерінде белгіленген. Режимнің басты ерекшелігі – режимді төлеушілер ҚҚС пен әлеуметтік салықты төлемейді.

Бизнес үшін осымен жеңілдіктер таусылмайды.

"Салық жеңілдіктері қарастырылған, олар өз өнімдерін сату кезінде жаңа тіркелген бизнес кәсіпорындары үшін ҚҚС-ты 70%-ға төмендету. Бұл жеңілдік заңды тұлға тіркелген сәттен бастап екі жыл бойы жарамды болады. Өңдеу өнеркәсібіндегі шағын бизнес субъектілері үшін жаңа негізгі қорларға инвестицияланған жағдайда пайданы КТС-тен босату көзделген. Бұл инвестициялық ахуалды жақсартуға және өңдеу өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті ҰЭМ-де.

2019 және 2020 жылдардағы резидент сертификатын ұсыну мерзімі 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.

"Мұндай шара шектеу шаралары кезеңінде қосарланған салық салуды болдырмауға бағытталған, өйткені шет елдерде карантиндік шараларды енгізу себебінен құжаттарды ұсыну қиын", – деп түсіндірді министiрлiкте.

Сонымен қатар, елімізде 2021 жылғы 1 сәуір мен 1 шілде аралығында зардап шеккен салаларда еңбекақы төлеу қорынан жеке табыс салығы және әлеуметтік салық төлеуді кейінге қалдыру енгізілгенін еске салды. Бұл ереже бөлшек салық режимі үшін анықталған 114 қызмет түріне қолданылуы мүмкін.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.