Қазақстанда мультимиллионерлер саны өседі

Бай адамдар санының өсуі бойынша еліміз сегізінші орында тұр

12 марта 2021 года

2025 жылға қарай $30 млн-нан жоғары байлығы бар қазақстандықтар саны үштен бірге өседі. Бұл туралы Knight Frank консалтингтік агенттігінің зерттеуінде көрсетілген, деп хабарлайды LS.

Зерттеу есептеулеріне сәйкес, Ресей мен ТМД аймағында 2025 жылға қарай 30 млн-нан немесе одан жоғары қаражаты бар шамамен 13,1 млн миллионер болады деп көрсетілген. Бұл ретте Қазақстандық байлардың саны 2020 жылмен салыстырғанда көрсетілген жылға қарай 33%- ға, ал Ресейде – 29%-ға ұлғаяды делінген.

Азияда олардың саны 161,9 мың адамды құрайды – Индонезияда 67%-ға және Үндістанда 63%-ға өскен.

Еуропада көрсеткіш 2025 жылы 185,9 мыңға жетсе, бұл ретте Польшада өсім 61%-ды, Швецияда – 59%-ды құрайды.

Сонымен қатар, зерттеу нәтижесі бойынша Солтүстік Америкада байлығы $30 млн немесе одан жоғары $236,3 мың адам болса, АҚШ-та бұл көрсеткіш- 24%, Канадада – 23% құрамақ.

Басқа елдер арасында бұл көрсеткіш 2025 жылға қарай Түркияда – 43%- ға, Жаңа Зеландияда – 52%-ға және Замбияда – 40%-ға артады.

Осылайша, агенттік тізбекке алған елдердің арасында Қазақстан $30 млн-нан жоғары қаражаты бар миллионерлердің болжамды өсуі бойынша сегізінші орынға тұрақтаған:

1. Индонезия – 67%;

2. Индия – 63%;

3. Польша – 61%;

4. Швеция – 59%;

5. Жаңа Зеландия – 52%;

6. Түркия – 43%;

7. Замбия – 40%;

8. Қазақстан – 33%;

9. ОАР – 32%;

10. Ресей – 29%;

11. Мексика – 26%;

12. АҚШ – 23%

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.