Биыл Түркістан облысында 11 млрд теңгеге мұнай және мұнай өнімдерін өңдейтін зауыт ашу жоспарлануда. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.
Нысанды Арыста қазақстандық компания салып жатыр. LS-ке хабарлағандай, жобаны іске асыру осы жылы басталды, кәсіпорынды іске қосу 2021 жылдың соңына жоспарланған. Қазіргі уақытта жабдықтарды монтаждау жүргізілуде.
Зауытты іске асыруға инвестициялар 11 млрд теңгені құрайды. Оны іске қосқаннан кейін 112 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Сондай-ақ, Түркістан облысында 95 млрд теңгеге мұнай-химия зауытының I кезеңі іске қосылды. Оның қуаттылығы жылына 1 млн тонна өнімді құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, басқа облыста мұнайды терең өңдеу зауытын 158,2 млрд теңгеге аяқтау жоспарланып отыр. Жоба БҚО-да 2020-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау картасының III бесжылдығы аясында жүзеге асырылуда. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 750 мың тоннаны немесе тәулігіне 15 мың баррельді құрайды. Зауытта автомобиль бензині, дизель отыны, керосин және битум өндірісі жолға қойылмақ. Жұмыспен 200 адам қамтамасыз етіледі. Оны ашылу мерзімі 2021 жылға жоспарланған болатын, алайда нақты уақыты әзірге белгісіз. Ақпаратқа сәйкес, жобаны іске асыру бойынша жаңа бас мердігермен келіссөздер жүргізілуде.