Қазақстанда кедейшілік қалай анықталады

2018 жылдан бастап кедейлік шегі екі рет қайта қаралды

28 июля 2021 года

Қазақстанда кедейлік шегі айына 25,5 мың теңгені құрайды. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі LS-ке оның қалай анықталатынын айтты.

Қазір Қазақстанда кедейлік шегінің деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы мөлшерінде белгіленген. Ел бойынша орташа көрсеткіш 2021 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша 25 520 теңгені құрады. Ал есепті кезеңдегі ең төменгі күнкөріс деңгейі – 36 457 теңге.

"Кедейлік шегі атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгіленетін, бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төменгі шамасы болып табылады. Деңгейді одан әрі арттыру елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, кезең – кезеңімен жүзеге асырылатын болады", – деп түсіндірді еңбек министрлігінде.

Онда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап деңгей екі рет қайта қаралғаны, 2018 жылы кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40%-дан 50%-ға дейін ұлғайтылғаны туралы деректер келтірілді. Тиісінше, 2018 жылы АӘК төлеуге шығыстар 28 млрд теңгені құрады немесе 2017 жылмен салыстырғанда 35 есеге ұлғайды.

"2019 жылдың сәуір айынан бастап кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде белгіленді және АӘК жүйесінде жүргізілген реформалауды ескере отырып, республикалық бюджеттен қосымша 205 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді", – деп атап өтті министрлікте.

Сондай-ақ, министрлік 2020 жылы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейі 10%-ға немесе 2019 жылғы 29 698 теңгеден 2020 жылы 32 668 теңгеге дейін артқанын еске салды.

 

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.