Қазақстанда электр энергиясы мәселесі қалай шешілмек

Сарапшының айтуынша, бұл сала инвесторлар үшін қызықты емес

8 декабря 2021 года
    

Импорттық электр энергиясы мен жаңа қуаттылықтар 2022 жылы электр энергиясының тапшылығын жабады. Бұл туралы LS-ке энергетика министрлігінде хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, жарық тапшылығын азайту үшін келесі жылы Қазақстанда электр энергиясын импорттау бойынша аукциондық сауда-саттық ұйымдастырылады. Бұл жағдайда электр энергиясы нарықтық бағамен сатып алынбақ.

Сондай-ақ, генерациялайтын жабдықты реконструкциялау және кеңейту жөніндегі төрт жобаны аяқтау көзделуде. Нәтижесінде қосымша 295 МВт қуат іске қосылады.

Өз кезегінде Нaırýshev energy телеграмм-арнасының сарапшысы және авторы Жақып Хайрушев LS-ке берген сұхбатында Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы алдағы жылдары орын алады деген пікір білдірді. Оның айтуынша, ағымдағы тарифтер желілерде тәртіп орнатуға мүмкіндік бермейді, ал жеке инвесторлар тиімсіз болғандықтан салаға инвестиция салуға асықпайды.

"Қазіргі уақытта инвестициялардың жеткілікті көлемінің болмауы инвесторлардың электр энергиясына тарифтердің қазіргі деңгейінде олардың салымдары өтелмейді деген қорқынышына негізделеді", - деді энергетик.

Ол проблемаларға қарамастан, соңғы онжылдықта бұл секторға айтарлықтай қаржыландыру көлемі салынғанын айтты. Инвестициялар нөлден бастап құрылысқа емес, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен жабдықтарды жаңғыртуға және қайта жарақтандыруға бағытталды.

Дегенмен, Хайрушевтің айтуынша, электр энергетикасын жаңғырту үшін ауқымды инвестицияларға қажеттілік әлі де жоғары.

Осындай жағдай Қазақстанның магистральдық және тарату желілеріне инвестициялармен де байқалады. Ескірген жабдықтар мен электр желілерінің топологиясы Еуропа елдеріндегі 2-6%-бен салыстырғанда 17,52%-ға дейін жететін жоғары шығындардың себептері болып отыр.

"Өкінішке қарай, тарифтерді ұстап тұру саясаты бүгінде электржелісінде де, жылу-механикалық жабдықта да тозудың пайда болуына алып келді. Бұл көрсеткіш бүгінде кейбір нысандарда 80%-ға жетеді. Қолданыстағы және бекітілген инвестициялық бағдарламалар бұл тозуды толығымен төмендетуге мүмкіндік бермейді, өйткені олар өте жеткіліксіз. Осылайша, елдің энергетикалық шаруашылығындағы жоғары шығындардың себептері инвестициялардың ұзақ уақыт болмауы нәтижесінде жабдықтар мен инфрақұрылымның тозуыына әкеледі", – деп түсіндірді сарапшы.

Ол салаға ұзақ мерзімді тарифті белгілеудің жаңа әдіснамасын құру қажет екенін атап өтті, онда базалық құн жаңғырту шығындарын өтей алады және инвестициялардың қайтарымын қамтамасыз етеді.

Хайрушевтің пікірінше, жағдайдан шығудың екі жолы бар: тарифтерді қажетті деңгейге дейін көтеру немесе жергілікті бюджеттен қаражат бөлу. Бұл ретте экономикалық негізделген тарифтерге көшуді неғұрлым қамтамасыз етілген тұтынушылардан бастаған жөн. Қалған санаттар үшін тарифтерді экономикалық негізделген деңгейге дейін жеткізу біртіндеп жүргізілуі тиіс. Ал аз қамтылғандар үшін кейбір коммуналдық төлемдерді субсидиялау бағдарламасы қажет.

"Бұл мәселеде бізге бірінші кезекте тарифтердің көтерілуін талқылау қажет емес, өйткені бұл мәжбүрлі шара, халықтың табысын арттыру, аз қамтылған азаматтар мен жұмыссыздық деңгейін төмендету туралы ойлау қажет. Оны электр энергетикасы есебінен де азайтуға болады, оның кәсіпорындарында өндірістік персоналдың кесірінен кадрлық тапшылық бар. Бірақ жалақының төмен болуынан онда жұмысқа орналасуға кезек байқалмайды", - деп түйіндеді Хайрушев.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.