Қазақстанда бензин бағасы неге өсіп жатыр

сегодня

АИ-92 бензинінің бағасын ұстап тұру АИ-95 бағасының өсуіне әсер етеді. Бұл туралы LS-ке сала сарапшысы Олжас Байділдинов хабарлады.

Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, 16 қазанда АИ-92 бензині литрі 213-241 теңге аралығында сатылды, бұл кезде баға тұрақтандырылған болатын.

Олжас Байділдинов атап өткендей, доллар бағамы 520-540 теңге кезінде АИ-92 бағасы шамамен 40 центке сәйкес келеді.

"Нарықтық жағдайда бұл бензиннің литрі 60 цент, яғни 310-320 теңге болуы тиіс еді. Мемлекет бағаны қаншалықты төмен ұстай алатынын көріп отырмыз. АИ-95 пен АИ-92 арасындағы айырма Қазақстанда шамамен 25-30%, ал Ресейде – 7-10%, Біріккен Араб Әмірліктерінде – 3%. Яғни АИ-95 қымбат, ал оның тұтынушылары АИ-92 сатып алатындарды "субсидиялап" отыр", – деді ол өз "Байділдинов. Мұнай" Telegram-арнасында.

Сарапшының пікірінше, мемлекет автокөлік өнеркәсібін дамыту мен экологиялық таза отынға көшуге мән беріп отыр, бірақ АИ-92 бағасын төмен ұстап, теңгерімсіздік туындап отыр.

"Бензин бағасы нарықтық жолмен анықталуы тиіс. Қазір жаңа автокөліктер АИ-95-98 тұтынады, бірақ АИ-92 бағасы жасанды түрде төмен, сапасы да түсіп барады. Бұл дұрыс емес", – деді О. Байділдинов.

Айта кетейік, Алматыдағы кейбір жанармай бекеттерінде АИ-92 литрі 239 теңге болса, АИ-95 литрі 314-315 теңге сатылуда. Айырма шамамен 1,3 есе.

Бұған дейін, энергетика министрлігі бензин бағасы қымбаттай ма деген сұраққа жауап берген болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.