Қазақстанда бензин қайта қымбаттады

Бiрқатар өңірлер бұрынғы бағаны ұстап қалуда

18 ноября 2021 года
    

Нұр-Сұлтанда екі апта ішінде бензин бағасы айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды LS.

Егер 2021 жылғы 29 қазанда елордада АИ-92 литріне 173-179 теңгеден сатылса, 12 қарашада жанар-жағармай литріне 176-183 теңгеге дейін қымбаттады. Мұндай мәліметтер бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде айтылды.

Сондай-ақ, жанар-жағармай Ақмола облысында литріне 179-180 теңге (бұрын 175-176 теңге), Алматы облысында 174-179 теңге (бұрын 173-177 теңге), Қызылорда облысында 176-177 теңге (бұрын 170-174 теңге), Шығыс Қазақстан облысында 175-178 теңге (бұрын 174-175 теңге), Солтүстік Қазақстан облысында 180-181 теңге (бұрын 175-177 теңге), Павлодар облысында – 170-177 теңге (бұрын литріне 170-173 теңге), Түркістан облысына – 172-177 теңге (бұрын 169-172 теңге), Жамбыл облысына – 176-179 теңге (бұрын 173-175 теңге).

Бағалар Алматы (литріне 176-179 теңге), Маңғыстау (174 тг), Атырау (165-166 тг), Қостанай (175-178 теңге), Қарағанды облыстарында (180 теңге) бұрынғы деңгейде ұсталып отыр.

Шымкентте АИ-92 литріне 167-170 теңгеге дейін (бұрын 170-172 теңге), Батыс Қазақстан облысында – литріне 172 теңге (бұрын литріне 174 теңге), Ақтөбе облысында- 168-174 теңге (бұрын 165-176 теңге) арзандады.

Бұған дейін энергетика министрлігі Қазақстанда бензин бағасының өсуіне негіз жоқ екенін хабарлаған едi. Cонымен қатар, бензиннің ішкі нарығы тұрақсыз екенін айтты.

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев жанар-жағармай құны реттелмейтінін атап өтті.

"Біз екі нәрсені есте ұстауымыз керек: әлемдік Brent бағасынан тәуелсіздік, сондай-ақ, мердігердің бағасы. Қалыптасқан құннан үлкен айырмашылық болмауы керек", - деді ол.

Мырзағалиев көрші елдермен баға айырмашылығына байланысты дизель отынының тапшылығы туралы да айтты. Министрдің айтуынша, қазір бұл бағытта жүйелі өзгерістер әзірленіп жатыр.

"Біріншіден, үш мұнай өндеу зауыты жоспарлы және жоспардан тыс қайта құрудан өтіп жатыр, біз олардың мерзімін анықтауымыз керек. Екіншісі – запастағы материалдық-техникалық базамызды қалыптастыру, үшіншісі – жанар-жағармайды бақылау. Әрбір мұнай базасын тиісті жабдықтармен жабдықтау қажет. Бұл мәселелерді біз пысықтап жатырмыз. Жыл соңына дейін біз тиісті өзгерістер енгізетін боламыз", - деп түйіндеді ол.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.