Қазақстанда баспана бағасы төмендеді

9 июня 2025 года

Бір ай ішінде екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы 0,3%-ға, ал жалдау ақысы 1,4%-ға төмендеген, деп хабарлайды LS.

Ал бастапқы тұрғын үй бағасы, керісінше, 0,7%-ға өсіп, мамыр айында бір шаршы метрінің орташа құны Қазақстан бойынша 521,6 мың теңгені құрады.

2024 жылдың мамырымен салыстырғанда, бастапқы тұрғын үйдің бағасы 8,7%-ға артқан.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, ең жоғары баға Павлодар қаласында тіркелген – 22,6%-ға өсіп, бір шаршы метрі 423 мың теңгеге жетті. Алматыда – 12,7%-ға (633,2 мың теңге), Шымкентте – 10,9%-ға (478,6 мың теңге) өскен.

Астанада жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 596,4 мың теңге, бұл- жылдық өсім бойынша 7,3%.

Екінші нарықтағы пәтер бағасы бір жыл ішінде орта есеппен 6,3%-ға өсіп, бір шаршы метрі 541,8 мың теңгені құрады.

Актобеде екінші деңгейлі тұрғын үй 17,6%-ға (341,8 мың теңге), Павлодарда – 13,3%-ға (419,6 мың теңге), Атырауда – 12,7%-ға (482,7 мың теңгеге) қымбаттаған.

Астанада қайта сатылатын пәтерлер 2,2%-ға (646,6 мың теңге), Алматыда – 12,9%-ға (658,2 мың теңге), Шымкентте – 2,8%-ға (440 мың теңге) өскен.

Ал Өскеменге керісінше, пәтер бағасы 3,4%-ға төмендеп, 372,9 мың теңгені құраса, Қарағандыда – 0,8%-ға азайып, 386,1 мың теңгеге дейін түскен.

Жалдамалы тұрғын үйдің бағасы бір жыл ішінде 9,4%-ға өсіп, елімізде бір шаршы метрінің орташа құны 4,5 мың теңгеге дейін жетті.

Жалға берілетін тұрғын үй бағасының ең жоғары өсімі Актобеде – 27,6%, Семейде – 22,2% және Көкшетауда – 21,6% тіркелді.

Алматыда жалдау ақысы жылына 2,2%-ға өсіп, 5,2 мың теңгені құраса, Шымкентте – 9,9%-ға (3,8 мың теңге), елордада – 21,5%-ға (5 мың теңге) өскен.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстандағы және шетелдегі тұрғын үйге кететін шығындар мен ипотекалық мөлшерлемелер арасындағы айырмашылықты инфографика түрінде ұсынған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.