Қазақстандағы тұрғын үй бағасы қымбаттап келеді, деп хабарлайды LS.
Биыл тамыз айында республика бойынша жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 1 шаршы метрге 538,5 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 11,3%-ға жоғары.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, ең үлкен баға өсімі Павлодарда байқалды – 25,8%, 1 шаршы метр үшін 451,1 мың теңге; Қызылордада – 15,3%, 386,3 мың теңге; Алматыда – 15,3%, 647,7 мың теңге; Шымкентте – 14,8%, 513,9 мың теңге.
Астанада жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 618,7 мың теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,1%-ға жоғары.
Екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы жыл ішінде 8,8%-ға өсті, орташа есеппен 1 шаршы метр үшін 558,5 мың теңгені құрады.
Ақтөбеде екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы 20,2%-ға өсті, шаршы метрі 343,1 мың теңге болды; Павлодарда – 17,8% (428 мың теңге), Түркістанда – 14,7% (369,2 мың теңге).
Астанада пәтерді қайта сату бағасы 4%-ға өсіп, 1 шаршы метр үшін 663,7 мың теңгені құрады; Шымкентте – 5,7% (443,6 мың теңге). Алматыда екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы едәуір өскен- 16,6%, шаршы метрі 692,6 мың теңгені құрады.
Сонымен қатар, ел бойынша жалға алу бағасы жыл ішінде 8,5%-ға көтеріліп, орташа есеппен 1 шаршы метр үшін 4,6 мың теңге болды.
Жалға алу бағасы ең көп қымбаттаған қала Ақтөбе – 43,5% (3,1 мың теңге); Көкшетауда – 21% (3,3 мың теңге), Жезқазғанда – 20,2% (4,1 мың теңге).
Алматыда бір жыл ішінде жалға алу бағасы 2,3%-ға өсіп, 1 шаршы метр үшін 5,4 мың теңгені құрады; Шымкентте – 5,1% (3,9 мың теңге), Астанада – 17,6% (5,1 мың теңге).
Ай сайынғы өзгерістерге қарағанда (2025 жылғы шілдемен салыстырғанда) жаңа тұрғын үй бағасы 2%-ға өсті. Астанада баға 4%-ға, Ақтауда – 3,7%-ға, Өскеменде – 3,1%-ға қымбаттады.
Екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы бір айда 1,2%-ға артты. Баға шарықтаған қалалар қатарында Өскемен (+5,1%), Шымкент (+3,7%) және Орал (+3,2%).
Жалға алу бағасы шілдемен салыстырғанда 1,7%-ға өсті. Түркістанда баға 6,3%-ға, Астанада – 3,1%-ға, Қарағандыда – 2,9%-ға артты.
Бұған дейін, LS редакциясы хабарлағандай, Қазақстандағы ипотека әлемдегі ең қымбаттардың қатарында тұр.