Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алдағы бес жылда жұмыссыздықпен қалай күресетіндерін айтты, деп хабарлайды LS.
Алдымен еңбек министрлігі Қазақстанда жалақының аздығы, кадрлардың кетуі мен жетіспеушілігі, сондай-ақ олардың құзыретінің әлсіздігі проблемалары бар екенін көрсетті.
Сонымен қатар, "Еңбек нарығын дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына" сәйкес ЖІӨ-нің жылына 4,5-5% деңгейінде өсуін қамтамасыз ету үшін кәсіпорындардың операциялық тиімділігін арттыру және жаппай технологиялық жаңғырту мен цифрландыру есебінен еңбек өнімділігін 51%-ға ұлғайту қажет.
Бұл үшін бірінші кезекте өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласында сапалы жұмыс орындары қажет. Бос жұмыс орындарын жеке бизнес есебінен құру ұсынылады, оның үлесі ЖІӨ-нің 35%-на дейін өседі.
Сондықтан 2025 жылға қарай келесі бағыттарға баса назар қойылмақ:
- мемлекеттік қолдау көрсететін жобаларды іске асыру кезінде өнімділігі төмен жұмыс орындарынан жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруға;
- қысқа -, орта - және ұзақ мерзімді перспективада дәстүрлі оқыту бағдарламаларынан функционалдық сауаттылықты дамытуға, еңбек нарықтары талап ететін қазіргі заманғы дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыруға;
- формаланған білім беру жүйесінен дағдылар мен құзыреттілікті өмір бойы тұрақты жетілдіруге;
- дәстүрлі жұмыс форматынан еңбек қатынастарының прогрессивті нысандарын енгізу арқылы жұмыспен қамтудың икемді нысандарын дамытуға;
- еңбек ресурстарының өнімділігіне қарамастан, оларды салалар мен өңірлерде шоғырландырудан-салалар мен өңірлер арасында еңбек ресурстарын теңгерімді бөлуге;
- жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қызметтерін ұсынудың жалпы форматынан халықты жұмыспен қамтудың атаулы пакеттік шараларына.
Ол үшін стратегиялық міндеттер кешені қойылады.
Негізінен жеке секторда жұмыс орындарын құру қарқыны артатын болады. Бұл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өсуі – оларды дамыту, кеңейту және ірілендіру есебінен жасалмақ. Ал халықты тұрақты жұмыспен қамту еңбекті көп қажет ететін ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде басқарылатын жұмыс орындарын құру есебінен мүмкін болады.
Өз ісін ашу, басқарылатын жұмыс орындарын құру, жұмыспен қамтудың икемді нысандарын дамыту арқылы тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдем беру жалғасын табады.
Сондай-ақ, дағдыларды дамыту есебінен еңбек ресурстарының бәсекеге қабілеттілігі нығайтылмақ. Оның аясында ұлттық біліктілік жүйесі, еңбек нарығын болжау жүйесі пайда болады. Бұдан басқа, еңбек ресурстарының дағдылары тұрақты түрде артып, олардың инклюзивтілігі дамитын болады, еңбек ұтқырлығы, еңбек нарығының инфрақұрылымы ынталандырылады.