Қазақстанда әлеуметтік төлемдер 2023 жылы бір әмиянға есептелетін болады. Бұл туралы LS-ке еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлады.
Министрлiктiң мәліметінше, әлеуметтік әмиян арқылы төлемдерді жүзеге асыру 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталмақ. Бұл Ұлттық банк пен банктер тарапынан осы тетікті енгізу жөніндегі техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін мүмкін болады.
"Қазіргі уақытта әлеуметтік төлемдерді аудару кестесі келісілуде", - деп түсіндірді еңбек министрлігінде.
Әмиянды іске қосумен әлеуметтік-еңбек саласына мемлекеттік қолдаудың барлық төлемдері одан жүзеге асырылады. Оның ішінде бір жасқа дейінгі бала күтімі, жұмысынан айырылу бойынша жәрдемақылар және басқалар бар.
"Әлеуметтік әмиян мемлекеттік қолдаудың қандай да бір шаралары қабылданған барлық азаматтарға ЖСН бойынша автоматты түрде ашылатын болады", - деп министрлікте ашу шарттары туралы хабарлады.
Әмиянның функциялары туралы айта отырып, министрлік оған әлеуметтік төлемдер аударылатынын, азаматтарға тиісті мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабарлайтынын түсіндірді.
Сондай-ақ, ол монетарлық емес қолдау шараларын көруге мүмкіндік алады.
"Аталған әмияндарға есептелген мемлекеттік көмек қаражаты банктер, коллекторлар және салық органдары тарапынан өндіріп алудан қорғалатын болады", - деп сендірді еңбек министрлігінде.
Бұған дейін қазақстандықтар әлеуметтік әмиянды биылғы жылдан пайдалана алады деп күтілген еді.