Қазақстанда қандай мамандар тапшы болады

сегодня

Алдағы 10 жылда Қазақстанның еңбек нарығында білім беру мен өңдеу өнеркәсібі негізгі бағыттардың біріне айналады. Бұл туралы LS-ке еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлады.

Министрліктің дерегінше, 2035 жылға дейін ел экономикасына шамамен 2,7 млн маман қажет болады.

Ең жоғары сұраныс білім беру саласында байқалады – 408 мың адам (15,1%). Одан кейін өңдеу өнеркәсібі – 271 мың адам (10%), ал сауда саласында – 228,9 мың адам (8,4%) қажет болады.

Сондай-ақ кадр тапшылығы денсаулық сақтау саласында – 220,1 мың адам (8,15%), ауыл шаруашылығында – 214,2 мың (7,9%), құрылыс саласында – 201,5 мың адам (7,4%) деңгейінде күтіледі.

Қосымша сұраныс электр және энергиямен қамту саласында – 52,1 мың адам (2%), ал ақпарат және байланыс саласында – 42,5 мың адам (1,6%) деңгейінде қалыптасады.

Қалалар арасында ең көп жұмыс орны Алматыда ашылады – 425,2 мың. Астанада – 241,1 мың, ал Шымкентте – 130,4 мың маманға сұраныс болады.

Өңірлер ішінде көш бастап тұрғандар Қарағанды облысы – 175,8 мың, Түркістан облысы –161,4 мың, Алматы облысы – 160,1 мың. 

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанда кейбір мамандықтар жойылып, олардың орнына жаңа кәсіп түрлері пайда болатынын хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.