Қазақстан Jusan тобына бақылауды қайтаруға ниетті – Бас прокуратура

16 февраля 2023 года

Бас прокуратура Jusan тобын Қазақстанға қайтаруға әрекет жасауда, деп хабарлайды LS.

Хабарламаға сәйкес, Jusan активтерін шетелге басқаруға және шығаруға бағытталған мәмілені жарамсыз деп тану бойынша жұмыс жүргізілуде.

"Алматының Бостандық аудандық соты Pioneer Capital Invest пен Jusan Technologies Ltd арасындағы бақылауды беруге және First Heartland Jusan Bank активтерін, сондай-ақ онымен байланысты ұйымдарды шетелдік юрисдикцияларға шығаруға бағытталған мәмілені жарамсыз деп тану туралы Алматы қаласы прокурорының талабы бойынша азаматтық іс қозғады", - делінген ведомствоның релизінде.

Хабарламада банк секторын талдау барысында Jusan тобының активтерін иелену құрылымын өзгерту бойынша ашық емес схема анықталғаны атап өтілді. Аталған схеманы жүзеге асыру нәтижесінде топтың қызметін бақылау құзіреті шетелде тіркелген ұйымдарға өтеусіз берілген. 

"Атап айтқанда, 2020 жылғы 27 сәуірде Jusan тобының иесі "Pioneer Capital Invest" қатысушыларының жалпы жиналысында Pioneer мүлкін шетелде тіркелген Jusan Technologies Ltd компаниясының жарғылық капиталына беруді мақұлдау туралы шешім қабылданған", - деп түсіндірді Бас прокуратурада. 

Бұл әрекеттер қоғамдық мүдделерге, оның ішінде "Назарбаев Университеті" мен "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" ондаған мың қазақстандық студенттері мен оқушыларының мүдделеріне қауіп төндірді.   Себебі "Jusan" тобының акциялары, облигациялары мен депозиттері бойынша дивидендтері аталмыш оқу орындарын қаржыландыру көздерінің бірі.

"Бұдан бөлек, 2023 жылғы 3 ақпанда Бас прокуратураға бірқатар субъектілердің құқыққа қарсы әрекеттерінің салдарынан "Жусан" тобы шетелдік мемлекеттер азаматтарының бақылауына өтіп кету фактілері бойынша прокурорлық қадағалау шараларын қабылдау туралы "Назарбаев қорының" арызы келіп түсті. Осылайша, прокуратура органдарының мақсаты тек әділеттілікті қалпына келтіріп, "Jusan" тобының активтерін басқаруды Қазақстанның құзырына қайтару болып табылады", - деп нақтылады ведомствода.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.