Қазақстан елден заңсыз шығарылған 676 млрд теңгеге қаржы ресурстарынан келтірілген залалды өтей алды. Бұл туралы LS-ке Бас прокуратурада ақпарат берді.
Мемлекеттік органның мәліметінше, бүгінде экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысы шеңберінде мүлік қайтарылды, оның ішінде мемлекетке 676 млрд теңгеге залал өтелді. Төрт шетелдік юрисдикциядан $500 млн- дан астам қаражат түсті. Бұл Біріккен Араб Әмірліктері, Австрия, Қытай, Лихтенштейн.
"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бірқатар қылмыстық істерді, оның ішінде экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыру және активтерді шығару белгілері бар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша тергеуде", - деп хабарлады Бас прокуратурада.
*Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия президенттің 2022 жылғы 5 маусымдағы Жарлығымен құрылды.